Басты бет » Жаңалықтар » Облыс әкімі ақын Күләш Ахметованы қариялар мерекесімен құттықтап үйіне арнайы барды

Облыс әкімі ақын Күләш Ахметованы қариялар мерекесімен құттықтап үйіне арнайы барды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев танымал ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Күләш Ахметованың үйіне барды.

Ербол Қарашөкеев ақынның қазақ руханияты мен мәдениетіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, келер ұрпақ одан тәлім тәрбие алатынын жеткізді

— Сіздің өлеңдеріңізді бірнеше жас буын ұрпақ сүйіп оқып, өсті. Шығармашылығыңыздың негізі адал достық пен махаббат, жомарттық пен патриотизм десек, сол арқылы жас ұрпақты дұрыс жолға тәрбиелеуге үлес қосып келесіз. Сіздің парасатты поэзияңыз арқылы қалың оқырман ой түйіп, жақсылыққа ұмтылып, бойын түзейді, — деп атап өтті облыс әкімі.

Өз кезегінде қазақ поэзиясының Ақ гүлі атанған ақын Күләш Ахметова аймақ басшысына батасын беріп, жаңа қызметіне сенім білдірді.