Елімізде оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады.
«Бұл шешімнің басты себептері: балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-ана өтініштеріне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу; оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстары; оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ЭЫДҰ елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды», — деді Ғани Бейсембаев.
Министр әлем оқушыларының жазғы каникулда 77 күн ғана демалатынын, ал біздің елде 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленгенін атап өтті.
Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы биылғы оқу жылын аяқтайды, 172 мың түлек мектеп бітіреді.
@qazaqstantv