Қазақ футболы үшін тарихи жаңалық. УЕФА Атқарушы комитеті бүгін Грекияның Салоники қаласынла өткен отырысында 2028 жылғы УЕФА Суперкубогін өткізу орнын анықтады. УЕФА Суперкубогының 2028 жылғы финалы елордадағы «Астана Аренада» өтеді.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Спорт журналисі Аслан Қаженовтың жазуынша, УЕФА Суперкубогі – еуропалық клубтық футболдағы маңызды матчтардың бірі. Дәстүр бойынша онда УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен УЕФА Еуропа лигасының үздігі кездеседі. Еліміз алғаш рет осындай жоғары деңгейдегі еуропалық клубтық футбол додасының финалдық матчын қабылдайды.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
