Басты бет » Жастар үні » «Oral jastary»: жастарға кеңес ұсынды

«Oral jastary»: жастарға кеңес ұсынды

Жастар – еліміздің басты ресурсы және болашағы болғандықтан, мемлекет олардың әлеуетін көтеруге көп көңіл бөлуде. Осы орайда «Oral jastary» жастар ресурстық орталығы да бұл бастамаға үн қосып келеді.​

«Жастарға кеңес» жобасында ​ 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлерді қолдауға арналған 2,5% несие беру бойынша ақпарат ұсынылды. ​

Бүгінгі таңда баспана тақырыбы өзекті. Ал қоныс алудың тиімді жолын «Отбасы банк» қызметкері түсіндірді.​

Сонымен қатар ​орталықтың теолог маманы Әсет Исламбекұлы ислам діні жайында ​ сұрақтарымен жүгінген тұрғындарға ​ сауатты ақпарат берді.

Қалалық 3 емхана дәрігері денсаулықты күту мен салауатты өмір салтын ұстануды негізе ала отырып, ​ әр қатысушыға жеке кеңес берді.​

Жаз мезгілінде өз күшімен еңбек етіп, ата-анасына көмектесуді мақсат тұтатын жастар қатары көптігі қуантады. «Жасыл ел» бағдарламасы осындай еңбекқор жастарға таптырмас мүмкіндік. Студенттер аталмыш бағдарлама туралы мағлұмат алып, ​ жұмыс жасауға ниет білдірді.