2022 жылдың желтоқсан айының соңында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Алайда өнер иесінің одан бас тартқаны белгілі болды. Бұл туралы журналист Рашит Ілиясов айтты.
Димаш Құдайберген New York Film Academy-де «режиссура» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі керек еді. Бірақ қазақстандық журналиске берген сұхбатында ол Лос-Анджелесте оқуда емес, әйгілі «Титаникке» арналған музыканың авторы, продюсер Уолтер Афанасьефпен ән жазу үшін жүргенін айтқан.
«Менің концерттерім бар. Барлық елде өз жанкүйерлеріммен кездесіп жүрмін. Барлығын оқумен қалай үйлестіремін деп ойладым. Көбі мені Лос-Анджелесте оқу үшін жүр деп естідім. Шындығында, мұнда жұмыстармен жүрмін. Мысалы, Бейжіңде 4 жарым жыл тұрып, көптеген композиторлармен жұмыс істедім. Енді АҚШ-та тұрамын, бірақ еш жерде оқымаймын», – деді әнші.