Басты бет » Жастар үні » Тар қапаста өткен 10 жыл

Тар қапаста өткен 10 жыл

Бүгін Ақжарқынның туған күні. 19 жасында жап-жас қыз Қытай елінің түрмесіне қамалып еді. Сол уақыттан бері Ақжарқынның тағдырын, қазіргі жағдайын шырылдап жазып келемін. Мен арқылы бәрін біліп отырдыңыздар, деп жазды журналист, Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желіде. 

Бағана Зухра апай хабарласқанында, жүрегім қан жылап тұрды. «Бибігүл-ау, бүгін Ақжарқынымның туған күні ғой. Сіңлім, саған жай айтып тұрғаным ғой ішкі сырымды» дегенде өзегім өртеніп кете жаздады…

Тез елге оралсыншы!

Енді міне, бүгін 29 жасқа толып отыр. Ақжарқынды танымасам да туған сіңілімдей жаным ашып, ол үшін жүрегім қан жылайды. Анасы Зухра апаймен жиі хабарласып тұрамыз. Сыры мен мұңын маған шағады. Менен бір үлкен үміт күтеді.

Күнде Аллаға сиынып, жырақтағы ботасының тілеуін тілейді. Бүгінде, Ақжарқын түрмеде жүрсе де ағылшын, қытай тілін толық меңгеріп алып, аудармашы қызметін атқарып жүр. Тілге деген қабілеті зор. Бостандықта жүрсе, білікті маман болар ма еді….
Шын жүрегіммен қаракөз қызымыздың тезірек елге оралуын тілеймін.
Келесі туған күнің елде тойлансын, әумин!

P. S: Естеріңізге салайын, 2014 жылы 19 жасар Ақжарқын Тұрлыбай 4 келі есірткімен Қытайдың Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Ол наркодиллердің құрбаны болғанын білмеген. Қытайдан бренд киімдер сатамын деп ауылдан келген жас қыз осылай 9 жылдан бері Қытай қапасында отыр…істі мойындамады…

Өмір бойына бас бостандығынан айырды
Әлі де жоғары соттан және биліктегі ағалардан үмітімізді үзбей отырмыз.

Зухра апай, апатайым, апажаным, бекем болыңыз әпкешім…
Түбі қызыңыз елге оралады.
Үмітіңіз үзілмесінші…