Басты бет » Жастар үні » Колледжде жас сайлаушылар клубы құрылды

Колледжде жас сайлаушылар клубы құрылды

Оралда Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде жас сайлаушылар клубы құрылып, жұмысын бастады. 

Фотосурет бейнероликтен

Президентіміз Қ.Тоқаев: «Біз бірге күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, әділ Қазақстанды құру жолындағы көптеген маңызды міндеттерді шешуіміз керек. Азаматтардың белсенділігі маңызды рөл атқарады», — деді. Жаһанша жастары да бұл белсенділіктен тыс қалмай, колледж жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылды.

Клубтың ашылу салтанатының қонағы Ақжайық телеарнасының жүргізушісі, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Б.Кухаев болды. Біржан Амангелдіұлы өз кезегінде жастардың сайлау науқанындағы маңызыдылығын айтып, алдағы саяси науқан жөнінде ақпараттар берді.

Директордың ақпараттық-ресурстық орынбасары А.Бижанов алдағы сайлау науқанында барша жастардың белсенді қатысу керектігін, клуб мүшелерінің жұмысы үздіксіз жүріп отыру керектігін атап өтті.

«Жас сайлаушылар клубының» мүшелері де клубтың жұмыстарын жүргізу жөнінде сөз сөйлеп, клуб көшбасшысын ашық дауыс беру арқылы тағайындады. Дауыс беру нәтижесінде С.Сағидолла клуб көшбасшысы болып тағайындалды.