Басты бет » Жастар үні » Алматы үлкен цифрлық іс-шараның орталығына айналды

Алматы үлкен цифрлық іс-шараның орталығына айналды

Өткен аптада Алматы үлкен цифрлық іс-шараның орталығына айналды. Екі күн ішінде қаншама жұмыс жүргізіліп, кездесулер, пікірталастар өткізілді, жобалар көрсетілді. Алайда, ең бастысы, V Халықаралық Digital Almaty форумы ұмытылмас сәт ретінде есімде сақталатыны сөзсіз» деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

Бағдат Мусин:

— Технология және ІТ индустриясының дамуынсыз біздің алысқа бара алмайтынымызды жұртшылықтың түсінгеніне қуаныштымын. Бұл күндері көптеген нақты ұсыныстар айтылды, маңыздыларының бірі — цифрлық ынтымақтастықты еларалық деңгейде енгізу қажет. Бұл мемлекеттердің барлық салалардағы өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетеді.

IT-технологияларды әр қадам сайын енгізетін басқа елдердің тәжірибесі туралы білу қызықты болды. Соған қарамастан, Қазақстан осы салада өңірлік көшбасшы болып қала береді. Біздің Invisible Government тұжырымдамасын көрші мемлекеттердегі әріптестеріміз басшылыққа алуға әзір.

Корея Республикасы Ұлттық ақпараттық қоғамы агенттігінің (NIA) Президенті Чон Сон Хван пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Smart Data Ukimet сервисі әлемдегі электрондық үкіметтердің ең үздік шешімдерінің бірі болып табылатындығын атап өтті.

Мұндай жоғары деңгейдегі сарапшыдан жылы лебіз есту мен үшін ерекше қуаныш болды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен ат терлетіп келген қонақтарымыз, тек көрші елдер ғана емес, оған қоса Оңтүстік Корея, Араб әмірліктері, АҚШ, Германия, Қытай, Монғолия, Якутия сияқты мемлекеттерден жоғары баға алып жатырмыз.

Жалпы қорытындылай келе, биылғы жылы Digital Almaty форумына 20 000-нан астам адам қатысқанын айтқым келеді. IT және инновация тақырыбына қызығушылық танытқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін.

Мен панельдік сессияларға қатысқан және қоғамда болып жатқан өзгерістерге өз көзқарасын жеткізуге тырысқан спикерлерге алғысымды білдіремін. Бұл тәрбиелік маңызы бар, әрі қызықты іс-шара болды.

Қорыта айтқанда, форумды ұйымдастыруға ат салысқан үлкен командаға: Алматы қаласы әкімдігіне, Премьер-Министр аппаратына, Сыртқы істер министрлігіне, демеушілерге, медиа-топқа, үйлестірушілерге, еріктілерге, жұмысшыларға Digital Almaty форумын өткізуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бауыржан Канкинге, Мағжан Мадиевке, Ерсултан Ермановқа, Аяжан Мұкановаға, Нариман Дюсекеевке және ұйымдастыруға белсенді қатысқан үлкен командамыздың барша мүшелеріне ризашығымыды жеткізгім келеді.

Форумда болған барша жан — мен үшін өте бағалы жандар.

Сіздерге сәттіліктер, жетістіктер мен жаңа жобалар тілеймін. Форум сіздерді жаңаша бастамаларға шабыттандырды деп үміттенемін!