Биылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Ғылым» номинациясы бойынша лауреаты ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Камила Егізбек атанды. Жас ғалым биомедицина саласы және су ортасын тазарту үшін наноқұрылымды темір бар материалдарды қолдану технологиясын зерттеумен айналысуда.
Ол 15-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде 10 мақала импакт факторы жоғары халықаралық басылымдарда жарияланған. Scopus базасы бойынша 23 жастағы ғалымның Хирш индексі 4-ке тең. Камила магистратураның ІІ курсында Физика-техникалық факультетінде Ядролық физика мамандығы бойынша білім алуда.
ЕҰУ магистранты «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» ЗТБ және ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы институты» ММ ұйымдастырған «Үздік жас ғалым – 2020» және «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық жобаларының үш мәрте жеңімпазы болып табылады. Сондай-ақ 2021 жылы еліміздің ғылыми университеттері арасында студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін I дәрежелі дипломмен марапатталған.