Басты бет » Жаңалықтар » Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Абзал Әжіғалиев шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қалсында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды  деп  жазды Qazaqstan.tv  телеграм  арнасы.
Сурет: olympic.kz

Отандасымыз 500 метр қашықтықта жүлдегерлер қатарынан көрінді.

А финалында Абзал Әжіғалиев олимпиада чемпионы, канадалық Максим Лауннан кейін мәре сызығын екінші болып қиды. Тағы бір олимпиада чемпионы, кореялық Ли Чжун Со үздік үштікке ілікті.

Солт-Лейк-Ситидегі әлем кубогі кезеңі 6 қараша күні де жалғасады.

Батыс Қазақстан облысынан түлеп ұшқан А.Әжіғалиев 2016 жылы осы Солт-Лейк-Ситиде 500 метр қашықтықта қазақстандықтар арасынан алғаш рет әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанған болатын.