Басты бет » Жастар үні » “АХМЕТ — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ”

“АХМЕТ — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ”

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет – ұлттың ұлы ұстазы» атты шара өтті.


Ізгі шараға Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, доцент, ғалым Бақтылы Сансызбайқызы Боранбаева, облыстық мәслихат депутаты, Қаратөбе ауданындағы «Алаш» музейінің құрылтайшысы Ержан Қайыржанұлы Хасанов, «Алаш» байқауларының жүлдегері, «ТДК-42» телеарнасының тілшісі Жандос Жанұзақұлы Хамза, колледждің басқарма төрағасының тәрбие және жастар ісі жөніндегі орынбасары Шынар Бекболатқызы Кубиева қатысты. Студенттер шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық идеологияны қалыптастыруда жасаған ерен еңбегімен танысып, білім көкжиектерін кеңейтіп, тың мәліметтерге қаныққандықтанын айтып ризашылықтарын жеткізді. Ұлты үшін туылған қайталанбас тұлғаның өмірін, ерлігін өскелең жастар жете түсінген кезде ғана қазақ деген халықтың ұлттық болмысын, тарихы, мәдениеті, әдебиеті дами түсері сөзсіз. Қасиетті тіліміздің тазалығын қалыптастырып, білім беру, оқыту жүйесіне өлшеусіз үлес қосқан Ахмет бабамыздың ерен еңбегі ешқашан ұмыт қалмақ емес. “Қазақ елінің азаттығын аңсап, Алаштың тұтастығы үшін түрмеге қамалып, тар жол тайғақ кешкен ұлт ұстазын қазақ жастары ұмытпай, оның еңбегін санасына тоқуы тиіс” деп тарасты шараға келгендер.