Кеше Ұлттық Академиялық кітапханада балалар мерекесіне арналған «Қазақстанда балалар және жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Бақытты балалық шақ» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеде ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының корреспондент мүшесі, Евразия дизайнерлер одағының мүшесі, Тұран қазақ суретшілер консолидациясының мүшесі Қайрат Жәйірбекұлының суреттері қойылды.
«Ұлы дала суреттері», «Ертегі кейіпкерлері», Олжас Қасымның «Менің достарым»шығармасы», «Сықақты карикатура», «Ойлан, тап» квэст ойыны сынды бірнеше бөлімдерден тұрған көрмеге белгілі суретшілер, оқушылар қатысты. Көрме барысында Қайрат Жәйірбекұлы балғындармен кездесіп, жас суретшілермен шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Суреттер Қайрат Жәйірбекұлының Фейсбук парақшасынан алынды