Басты бет » Жүдеу ой » Барып тұрған ұят, масқара!

Барып тұрған ұят, масқара!

Оқыған-тоқыған дейтін кей бөріктілер көріктілердің құқын қорғаймын деп сол азғындардың төгілген ар-ұятына, тойымсыз нәпсісіне қызмет етіп кеткенін көріп, таң қалдым, күйіндім. Ауытқығанда да ауытқып, адам болудан кеткен кісі кейпіндегі жын-сайтандардың сөзін сөйлеп отырғандарын өздері сезбейді. Ондай шеруді тию керек! Нәпсіқұмарларды көнсе тәрбиеге, көнбесе жауапқа алу керек! Бұлар ашық кетті.

Әулиесі көп қасиетті жерімізде мұндай сорақылық болады деп кім ойлаған? Барып тұрған ұят, масқара! Үкіметтің реакциясы қызық. Қазақ тілі мен жер мәселесі, көп балалы аналар жайлы болса, онда жуан білектерін жұмсап, плакат жыртады, қол қайырып, қамай бастайды, ал арсыздарға келгенде аса демократ бола қалады. Екі жүзділік бұл! Демек, елдің назарын бұру үшін дұрыс пен бұрысты бырықтырып, осындай «революцияны» қолдан жасап отыр. Мемлекетті іштен тоздыруға өздері кінәлі. Үкімет мүшелерінің өз балалары шетелдерде шығар, ал халықтың бала-шағасына жаны ашымайды, осы жаман.

Міне, азғындаудың және бір құралын ұсынды. Қоғамды бүлдіруге бағытталған іс. Арнайы сценарий! Халықты жікке бөлу! Үкіметтің есі дұрыс болса, короновирус кезінде тап осындай азғын топтарды ұстап, айыптап, жауаптап, қамап, қоғамнан аластамай ма? Жоқ, өйтпей отыр, демек бұнда олардың қызығуы бар деген сөз. Халық үшін қызмет ететін үкімет мұндай арсыздыққа жол бермеуі тиіс еді! Ал біз мұндай масқараны да көрдік. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында…

Мұнайдар Балмолда

Пікір жазу