Ақтауда қаза тапқан әскери қызметші Мұхтарұлы Олжастың бала күнгі арманы — әскери қызмет атқару болатын, деп еске алады туыстары.
Түркістан облысының тумасы Олжас Ресейде осы сала бойынша 8 жыл білім алып, оқуын аяқтап, елге оралған. Ақтауға келгеніне небәрі бір ай ғана болыпты.
«Енді жұмыс істеймін» деп, бала күнгі арманын жүзеге асыруға асыққан жас азамат еді.
Олжас 2003 жылғы 9 қаңтарда дүниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, арманды мақсатқа айналдырған.
– Осындай жап-жас, білімді, тәрбиелі, елге қызмет етуді армандаған азаматтың қыршын кеткені өте ауыр… Арманына енді ғана қол жеткізгелі тұрған еді… Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ата-анасына Алла сабыр берсін! – деп жазды Шынар Құрмет есімді ақтаулық ана.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
