SG ENTERTAINMENT жаңа қазақ трейниді таныстырды.
@sgentertainment_agency
Сахналық есім: Aiganym @alpha_ray_aigany
Ұлты: қазақ.
Оны ресми түрде 2020 жылдың, 4 қарашада стажёр ретінде жариялаған.
Оның типтік тұрғасы: MBTI-ENTP.
Ол алғашқы қазақ айдол
Туған күні: 18.11.2000
Жұлдыз жорамалы: Сарышаян.
Жиырма жастағы Айғаным Жалинова бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ол өз талантымен бүкіл әлемге танымал болуды армандайды. Жақында Айғаным өнер көрсететін музыкалық топтың тұсаукесері өтеді.
Студент Айғаным Жалинованың әр күні вокал мен би сабақтарында өтеді. Жергілікті «Альфа Рэй» тобында өнер көрсетіп жүрген жалғыз шетелдік – Айғаным. Топ мүшесі атану үшін ол мыңдаған адам бақ сынаған көпсатылы кастингтен өткен. Кореяда тұрған екі жарым жыл ішінде ол жергілікті дәстүр мен корей тілін жақсы меңгеріп те алған.
Айғаным Жалинова, корей тобының мүшесі:
– Корея адамдары өздерінің ойларын тіке айтпайды. Ұнамаса да ұнады деп айналдырып айтады. Ал бізде тікелей айтып тастаймыз ғой. Сол жағы кішкене қиын болды. Сосын айырмашылығы, бізде Қазақстанда 24 сағат бойы жұмыс жасайтын дүкендер жоқ. Ал мында 24 сағат жасайтын дүкендер бар. Біз көбіне тамақты үйде жасайтын болсақ, олар көшеге шығып, мейрамханада немесе асханаларда тамақтанғанды жақсы көреді.
«Алтын белгі» иегері өз өмірін шығармашылықпен байланыстырамын деп ойламаған. Өйткені ол мектеп қабырғасында жүргенінде музыкалық жарыстарға емес, математика және информатика пәндері бойынша олимпиадаларға қатысатын. Бірақ Кореяға ол эстрадалық топтың мүшесі атану үшін арнайы мақсат қойып келген. Нәтижесінде талантты қызды жиырма жылдық тәжірибесі бар, білікті маман, француз продюсері байқады. Оның компаниясының мақсаты – Шығыс пен Батыстың мәдениетін біріктірген команда құру. Бұл мақсатқа қазақстандық қыз толық сәйкес келді.
Джун Хе Шпильман, компания директоры, продюсер:
– Қазақ қыздары өте әдемі. Жалпы халқы өте әдемі, мәдениеті жоғары, Қазақстан – Еуропа мен Азияның арасында орналасқан ерекше ел. Топ мүшелері дебютке дайындалуда. Ал бос уақытында Айғаным оларға қазақ тілін үйретеді. Ақтөбелік Айғаным Димаш Құдайбергенмен бір мектепте оқыған екен. Әлемге танымал жерлесі секілді өршіл қыздың да алға қойған мақсаты биік.
Айғаным Жалинова, корей тобының мүшесі:
– Кореяда ғана емес, бүкіл әлемде танымал болуға мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Өйткені ұжымымда бірге жұмыс жасап жатқан адамдардың барлығы тамаша жандар.
Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян
Дереккөздер: www.24.kz және
@alpha_ray_aiganym инстапарақшасынан алынды