Басты бет » Жаңалықтар » БІЗДІҢ СҮЙІКТІ АКТРИСА!

БІЗДІҢ СҮЙІКТІ АКТРИСА!

Сәл ертеректе «Хабар» телеарнасынан

«77 күн» бағдарламасын көрсететін еді. Осыны көрдім-дағы …   

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылы. Жанысбековтар жанұясы.  Ақыл-өнегесі мол ата-әженің, ұлағатты ұстаздық қызмет атқаратын әке-шешенің ортасында томаға тұйықтау, арман қуған, қиялшыл қыз бала өсіп жатты…

cefd573c75ef3e8eee5ae1ffe4243497

   Бұл – бүгінгі таңда белгілі актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Шынар Жанысбекова еді. Әмбеге аян, ертеректе «Хабар» телеарнасынан «77 күн» бағдарламасын көрсете-тұғын. Осыны көрдім-дағы … Ең алдымен Шынар апайдың бойынан тазалықты, ашықтықты, қарапайымдылықты байқадым. «Нағыз әртіс!» дегенімді, үйдегілер де қоштағаны есімде. Кейін ойда-жоқта менің де, елдің де сүйікті актрисасымен жүздесіп қалғаным бар. Бала күнімнен көк экраннан көріп өскен сол баяғы қалпындағы аңқылдаған, жарқын мінезді Шынар апай!

«АБАЙ ЖОЛЫН» ЖАТҚА БІЛГЕН КІСІ

Әжемнің қызы болып, ол кісінің тәрбиесін көріп өстім. Балалық шағымда тұйықтау болдым. Арман-мақсатымды біреуге айтпайтынмын, яғни ешкімге тіс жармайтын едім. Үйдегі бауырларым  көркемөнерпаздар үйірмесінде жүрді. Ал мен мен іштей дайындалатынмын. Арманшыл, қиялшыл болдым. Талапшыл. Әкем бізді тәртіпке үйретті. Таңсәріден кешке дейін күн тәртібі бойынша жұмыс жасаймыз.  Соның арасында міндетті түрде кітап оқимыз. Әкем әдебиетші. Үйде үлкен кітапхана болды. «Абай жолын» жатқа білген кісі. Біздің үйде ылғи ән айтылып, күй тартылып жататын. Сенбі, жексенбі күндері өзіміздің концертімізді өткіземіз. Осының бәрі өнерге келуіме ықпалын жасады. Міндетті түрде түскі демалыс ұйымдастырамыз. Әкем күйді керемет тартқан. Әкемнің арманын мен жалғастырып жүргендеймін. Ол кісі соншалықты талантты, дарынды. Өнер адамдарын қатты бағалайтын. Үйде тек мен емес, барлығы да өнерлі. Күй тартады, ән айтады. Біздің үйде күйсандық, мандолин, скрипка сынды музыкалық аспап болатын. Ата-анам үйге жиһаз жинап, мүлік алмаса да, кітап жинайтын.

«… АЛАЙДА, ҚАЙТА ТҰРДЫМ»

«Аспаннан керемет актриса болып салбырап түстім» десем, өтірік болады. Қиыншылық та кездесті. Сүріндім де, құладым да, алайда қайта тұрдым. Алға ұмтылдым. М.Әуезов театры – үлкен қара шаңырақ. Небір майталмандардың ортасына түсіп, олардың үйрендім. Енді қазір бағыма орай үлкен рөлдерді ойнау бұйырды. Сол рөлдеріммен тәрбиелендім. Мен үшін өмірдің өзі үлкен мектеп. Бәрі оңай бола бермейді ғой. Өмір күрес. Адамда мінез болу керек. Мінезсіз адамнан ештеңе шықпайды. Соның ішінде өнер адамы шықпайды. Есейе келе жан-жағына сақтықпен қарап келемін. Баяғы шартпа-шұрт эмоцияға берілетін мінездерін қала бастайды, өз-өзіне деген талабың күшейеді. Мақсат та биіктей түседі.

mxudzHaB_400x400

«ДӘРІГЕЛІК МАМАНДЫҚТЫ «ЖЫЛЫ» ЖАУЫП ҚОЙДЫҚ»

Институтта оқып жүргенде ұстазым, профессор Рабиға апа Қаныбаева айтатын, «сен де бір өзіннің бойында ұялшықтық бар.  Ол – жақсы  қасиет» деп. Мендегі ұялшақтық, ол сахнаға шыққандағы ұялшақтық емес, бәлкім, сыпайылылық шығар деп ойлаймын.

Сабақты өте жақсы оқыдым. «Өте алғыр, осы қызыңыздан бірдеңе шығады деп  ұстаздарым ылғи айтып жүруші еді. Көпшілік мені «дәрігер, химик, физик болады» деп ойлаған ғой. Бірақ …

Бесінші сынып оқып жүрген кезімде ме екен, сол уақытта ауылда «Жаңа фильм» деген журнал шыға бастады. Ауылға қандай да болмасын жаңа газет-журнал келсе, ол басылымдар біздің үйде болатын. Әжем екеуміздің бөлмеміздің қабырғасына қазақфильмнің суреттерін жапсырып жинайтынмын. Сабағымды оқып, әдебиетке көп көңіл бөлетінмін. Кішкентай кезімде мұғалім болғым келді. Ал, кейін Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісовалар жарқырап шықанда, әнші болғым келгені де рас. Ешкімге көрсетпей, есікті жауып алып секіргішті микрофон қылып ән салатынмын.

Сегінзінші сыныптан кейін мені мединститутқа оқуға апарды. Алайда, құжат тапсыратын жерден қашып құтылып кеттім. Содан кейін ата-анамның көзі жетіп, дәрігерлік мамандықты «жылы» жауып қойдық.  Киноларға қарап кино актриса борлғанды армандадым. Әу баста біздің ауылда Қырғыз телевидениесі ғана көсетілетін. 80-ші жылдары қызғыз фильмдері шықты ғой, Тәттібүбі, Гүлсара, Сүйменқұлдарға ғашық болдым. Ең алғашқы рөлім – «Қар ханым» спектакліндегі Қарғаның рөлі болды.

Әйтеуір өнерде жүретініме сендім.

P.S. – Иә, сенім алдамады! Себебі, «хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер – театрда» Шынар Жеңісқызының өзіндік қолтаңбасы бар. Себебі, ол – елдің сүйікті актрисасы!

 Самал ЖАМЕТ

Пікір жазу