Өмірді жақсы жаққа өзгертуге қажетті кеңестерді ұсынамыз. Бұл кеңестерді тек оқып қана қоймай, оны осы сәттен бастап жүзеге асырсаңыз, 5 жылдан кейін ең бақытты, денсаулығы мықты, бойында рухани азығы мол жігерлі адам болып шығасыз. Оларды іске асыру оңай әрі көп ақшаны талап етпейтіндіктен, орындап көруге болады.
- Әр таңды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, ояна салысымен 5 минут бойы күліңіз.
Күлкі адамның бойына энергия беріп, көңіл-күйді көтереді. Ал көтеріңкі көңіл күй денсаулықтың мықты болуына кепілдік береді. Күлкі жазылмайтын ауруды да сауықтырып жіберуі мүмкін.
- Әр күн сайын жаңа идеяларды қағаз бетіне түсіріп отырыңыз.
Әрдайым ізденіс үстінде болыңыз, күндердің күнінде қалайша алтынға тап болғаныңызды байқамай қаласыз.
- Бір апта ішінде бір кітап оқып отырыңыз.
Қиын екені белгілі. Бұл қиын тапсырманы орындау үшін көбірек оқып жаттыққаныңыз дұрыс.
- Мидың жұмысын жақсартатын ойындар ойнаңыз.
Сөзжұмбақ шешіп, шахмат, дойбы секілді ойындар ойнаңыз. Ойнап отыратын серіктеріңіз болмаса, ұялы телефондарыңызға осы секілді ойындарды жүктеп алсаңыз болады.
- Күнделік жазыңыз. Өткен күндеріңізді жазып отырып, бұрын-соңды көзге ілмеген дүниелерді байқайсыз. Осылайша, естеліктерді жаңғыртып, дұрыс әрі қате әрекеттеріңізді саралап отырасыз.
- Достар таңдауда мұқият болыңыз.
«Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, мен сіздің кім екеніңізді айтамын» немесе «адамды досына қарап таны». Адам баласы күнделікті араласатын 5 адамның жиынтық мінезінен тұрады. Өміріңізді жақсы арнаға бұрып, үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе, қоршаған ортаңызға көз салыңыз. Шабыт сыйлап, үлкен мақсаттарға жетелеудің орнына төменге тартып, уақытты шығындайтын адамдардан аулақ болыңыз.
- Көркем фильмдерге қарағанда, деректі фильмдерді көбірек қараңыздар. Деректі фильмдер ой-өрісіңізді кеңейтеді.
- Тісті мәсуекпен тазалағаннан, жіппен тазалағанның маңызы зор.
- Шет тілдерін меңгеріңіз. Бүгінгі таңда шет тілдерін меңгеру тек білімділігіңіздің ғана көрсеткіші емес, мидың танымдық қасиетін арттырудың жолдары. Бұл – өмірлік қажеттілік.
- Салауатты өмір салтын қалыптастырыңыз.
Махаббат пен мансапқа қалай бөлсеңіз, денсаулығыңызды да дәл солай қадірлеңіз. Денсаулыққа пайдалы тағамдар жеп, зиянды әдеттерден арылыңыз.
- Қорқыныш дегенді ұмытыңыз. Әрине, үрей мен қорқыныш әр адамның бойында бар. Алайда, оның әркімде түрліше болып көрініс табады. Ақылды адамдар қорқыныштың себебін анықтап, оны шешудің жолдарын іздейді.
- Ақша жинаңыз. Бір айлық табысыңыздың 10%-ын банкке салып сақтаңыз. Бес жылдан соң қаншалықты ақшаны үнемдегеніңізді көресіз.
- Жоқ дегенде аптаның бір күнінде жұмыс, сабақ, теледидар, дегендерді ұмытып, миыңызды тынықтырыңыз. Жәй ғана демалыңыз. Бірінші кезекте техникадан.
- Өзіңізге хат жазыңыз. Өзіңізге бес жылдан кейін ашып оқитындай етіп хат жазыңыз. Осы хатыңызыға сұрақ қоюды ұмытпаңыз.
- Махаббат – құдіретті сезім. Ғашық болыңыз! Сезімнің шырмауына түсіңіз! Бойыңызды билеген бұл сезім шаттық сыйлап, армандарыңызға еріксіз жетелейді.
- Жоғарыдағы әдістерді ерінбей орындап отырсаңыз, үлкен табысқа жетесіз. Сурет: https://www.056.ua