Басты бет » Жаңалықтар » Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы

Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды.

70 келіде сынға түскен қазақстандық боксшы финалда иорданиялық Зеяд Ишаишты 5:0 есебімен жеңді. Жекпе-жек барысында төрешілердің барлығы жеңісті отандасымызға берді: 30:25, 30:25, 30:25, 30:25, 29:26.

– Отандасымыз қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл жеңістің мәні ерекше. Себебі Төрехан мен Ишаиш биылғы Азия чемпионатының финалында кездесіп, сол кезде иорданиялық боксшы басым түскен еді. Арада бірнеше ай өткен соң қазақстандық спортшы қарымта қайтарып, басты жүлдеге қол жеткізді, – деп жазды спорт журналисі Аслан Қаженов.

Бұл — Қазақстанның Азиада-2026 ойындарындағы 10-шы алтын медалі!