Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жақсылық жасамадың деп міндетсінетін адамдар жайлы айтты, деп жазды Jastar janary.
Адамға жақсылық жасарда да абай болу керек екенін түсіндім.
«Сен кімге көп жақсылық жасайсың – сол сенің жауыңа айналуы мүмкін» дейді зерттеушілер.
Бір досымыз бейтаныс көпбалалы отбасына жиі көмектесіп жүріп, тоқтаған ғой. Ол отбасындағы әйелдің әпкесі хабарласып «сенің басың істей ме? Көмектеспегеніңе көп болыпты. Аш отыр деп ойламайсың ба?» деп ұрсыпты.
Менің басымда да ондай жағдай көп болды, «мен өз бала-шағамды өзім асырап жүрмін» деп менен көптен көмек алмағанына ренжіп жүргендер де бар.
«Жақсылық жаса да ұмыт» дейді.
Бірақ ұмытуға мүмкіндік бермей қоятындар ше?! Біреу маған міндетті деп өмір сүретін масылдық психологиямен жүретіндер бар ма айналаңызда? Осыған ұқсас оқиғаларыңыз болса жазыңыздаршы», – деп жазды әнші.