Басты бет » Жаңалықтар » Туристерге кеңес: ТИІМДІ САЯХАТТАУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Туристерге кеңес: ТИІМДІ САЯХАТТАУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Жазғы уақытта шетелге саяхаттап, ел-жер аралау адам өміріне айтарлықтай оң өзгеріс әкелері анық. Саяхатқа шыққан жандар өз сапарларын қанша уақыт өтсе де ерекше сезіммен еске алады. Мұны түсіну қиын емес, себебі өзге елге саяхаттау адамның психологиялық жай-күйіне де әсер етеді екен. Ал тиімді саяхаттау жолдары қандай? 

 «SaparLa Travel» туристік агентігінің бас директоры Нұрсұлтан Нұрмағамбетұлы турагенттікпен ұйымдастырылған демалыс пен жеке алынған турдың айырмашылығы жайлы Jastar Janary порталына бөлісті.

– Қай мезгілде қандай елдерге барып демалу қолайлы?

– Шетелге барудың маусымдық уақыттары болады. Сол уақыттарды баруға кеңес беремін. Өйткені демалысыңызға ауа райы т.б көптеген факторлар әсер етеді. Ал Еуропа, Грузия, Түркия сияқты мемлекеттері ол жақтарға ауа райына қарамастан, бара беруге болады. Ол жақта тарих, мәдениет бар. Тарихи қалаларды көп көруге болады. Мысалы, Ыстамбұл қаласын алатын болсақ, ол жаққа қысы-жазы бара беруге болады. Бірақ жаз мезгілінде күн жылы уақытта күзде салқын желді жаңбарлы ауа райы болады. Бірақ тарих пен мәдениетті, музейді аралап, қаланы көріп танысуға болады. Ал сіз шомылып, күнге күйіп жағажайда демалғыңыз келсе, жаз мезгілінде баруға кеңес беремін. Дәл сол секілді Тайланд, Вьетнам аймақтарын айтар болсам, бұл жаққа барар алдын ауа райын қарап, зерттеп барған дұрыс. Өйткені маусым емес уақыттарға сәйкес келіп қалу мүмкін. Мысалы, Вьетнамның Нячанг қаласында қазір маусымдық уақыт емес. Себебі жиі жаңбыр жауады, толқын өте көп, шомыла алмайсыз. Сыртта қала көріп жүргенде ауа райы жаңбырлы болғандықтан, мазаңыз кетіп демалысыңыз ойдағыдай болмай қалуы мүмкін. Десе де, барып көруге болады. Бірақ шомылып, күнге қыздырына алмайсыз. Сондықтан кез келген елге барар алдын ауа райы на, демалыс уақыттарына, мемлекеттік факторларын ескеріп қараған дұрыс.

Қандай уақытта баға көтеріледі немесе арзандайды?

– Бұл тек туризм бизнесінде емес, жалпы экономикада сұраныс бар жерде баға қымбат болатыны анық. Мысалы, бізде трендке айналған дубай шоколады мен шайн мускаттың бағасы бір мезетте 20 000 теңгеден, 7 000-10 000 теңгеге сатылып бағасы артты. Дәл сол сияқты турлардың да бағасы сұранысқа байланысты бағасы артып отырады. Бұл жерде турагенттіктің өзі бағаны көтеріп отырған жоқ. Көп жағдайда қонақүйлер мен әуе компанияларының бағаны көтеруінен туындайды. Мысалы, мерекелік уақыттарда бағалар өте жоғары болады. Демалысты неғұрлым ертерек жоспарлағаныңызбен баға салыстырмалы түрде алсақ, басқа күндермен салыстырғанда бәрі бір де жоғары болады. Мысалы, Жаңа жыл, Наурыз мерекесі, кейбір елдерде Рамазан айындағы уақыт және балалардың мектеп демалыс уақыттары. Бұл уақыттарда баға өте жоғары болады. Мысалы, екі адамға турлар 500 мың теңге тұратын болса, мереке уақытында 800-900 мыңнан млн-ға дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ маусымға байланысты бұл жерде ең алдымен сұраныс, сұраныс көп болған жерде баға жоғары болады. Мысалы, дәл қазір сізге Анталияға тиімді бағамен демалып қайтуға болады. Бірақ шомылуға ыңғайсыз. Жаздың күні ол жақта ауа райы жақсы болғандықтан, сұраныс жақсы болады нәтижесінде баға екі есеге дейін көтеріледі.

«Ыстық тур» ретінде мерекелік күндерден басқа уақыттарды алып қарастыратын болсақ, мысалы, біз әуе компанияларынан 50 билет алып қойып, уақыт жақындағанда уақытта 50 билетті толтыра алмайтын болсақ, компания тарапынан айыппұл жазылады. Cол себепті де бағаны өз бағасына дейін түсіретін кездер болады, «Ыстық тур» деп осыны айтады. Бұл жерде баға арзан болып өз бағасынан да арзанға түседі. Одан бөлек, айыппұлдар болмас үшін. Мысалы, 1-2 күн қалған кезде, 5-7 күн қалған кезде бағалар түсіп көтеріліп тұрады. Дәл қазір Катарға, Доха қаласы, Ханянь аралы, Қытай, Дубайға деген секілді «горящий турлар» бар екі адамға 300-400-500 мың теңгеден басталады. Бұл әрине, таңдаған қонақүйіне, ауданына байланысты есептеледі.

Фото: tourist.kg

Туристік агенттікпен саяхаттаудың ерекшелігі қандай?

– Ең бірінші, турагенттікті тексеріп алу қажет. Қазіргі кезде алаяқтарға өте көп. Тек турагенттіктегі алаяқтар ғана емес, қонақүй алаяқтары да көбейді. Қазір инстаграмда қонақүйдің атауы, барлық заттары керемет болып тұрғанымен, барып көрсең қонақүй жоқ болып шығады. Біздің елімізде де мұндай жағдайлар көп орын алып жатыр. Сол себепті де алаяқтықтан сақтану мақсатында ең бірінші турагенттікті толықтай тексеріп алу керек. Егер сенімді болса, сол компанияны таңдаған дұрыс. Өйткені турагенттіктер сенімді қонақүйлер мен компаниялармен жұмыс істейді.

Екіншіден, олармен жұмыс істеу қауіпсіз. Өйткені әрбір турагенттіктен алынған турпакетте медициналық сақтандыру болады. Көптеген туристер жеке өздері билет алып ұшқандықтан медициналық сақтандыру алмайды. Себебі «қажет емес» деп ойлайды. Бірақ «жаман айтпай жақсы жоқ» кез келген жағдай болып қалуы мүмкін. Біздің туристеріміздің өздері жол апатына ұшырап, Сафариде түсік тастаған, жасы үлкен кісінің қан қысымы көтеріліп кеткен кездері болған. Мұндай жағдайда медициналық сақтандыруыңыз болмаса, сізге ақылы қызмет қана көрсетіледі. Ал медициналық сақтандыруыңыз болса, шұғыл көмек керек болған жағдайда сақтандыру компаниясына жүгін аласыз. Сол кезде емделуіңізге көп қаражатыңыз кетпейді. Шетелдерде жедел жәрдем шақырып, бір ғана ауруды басатын дәріні алудың өзі қаншама доллор тұруы мүмкін. Сол себепті де кез келген сенімді турагенттіктен турпакет алатын болсаңыз, оның ішінде медициналық сақтандыру қосылып жүреді. Демек, сізге қандай да бір медициналық шұғыл көмек керек болған жағдайда сақтандырудың көмегіне жүгіне аласыз.

Үшінші ерекшелік, медициналық сақтандырудан бөлек, «туркод» деген болады. Бұл да сақтандырудың бір түрі. Бірақ ол медициналық сақтандыру жатпайды. Ол елдер арасындағы әртүрлі саяси факторларға байланысты болып келеді. Мысалы, Қаңтар оқиғасы болған кезінде қаншама туристеріміз Дубайда болды. 5-6 қаңтар күндері елге келу керек туристер 12-15 күндері келді. Оның өзінде Астанаға келіп қонды. Дәл осындай жағдай орын алғанда туристің ақшасы жоқ болып бес күн далада жатпайды ғой, осы туркодтың көмегімен premium кластағы қонақүй болмаса да жатын орындармен, тамақпен қамтамасыз етіп, қайтар рейсті қалпына келтіріп, ел азаматтарын елге алып келу туркодтың негізінде, ал жеке өзіңіз қазір билет алып ұшып кететін болсаңыз, туркод сізге қосылмайды. Одан бөлек, ковид жағдайы тіркелген кезде де дереу шекаралар жабылды. Рейстер тоқтады. Туристердің барлығын қосымша туркодтың рейстері арқылы ғана елге келді. Сондай-ақ Израильде соғыс болып жатырған уақытта Аir Astana-ның рейстері мен біздің туристер сонда болған. Сол уақытта Израильде, Тель-Авив рейстер дереу тоқтады. Ол жақта жүрген туристер жанындағы шекаралас мемлекеттер Египет, Кайр қаласы арқылы елге келді.

Одан кейін айтатыным, сіздің комфортыңыз. Ең бірінші, денсаулық десек, ендігі нәрсе – комфорттылық. Турагенттікте қонақүйлер жайлы елдер жайлы, қала жайлы, маңызды ақпараттарды сізге айтып білгенімен бөліседі. Жақсы қонақүй таңдап жақсы демалыс ұйымдастыруға сізге көмектеседі. Сіз ғаламтордан ізденіп, ақпарат біліп, жоспар құрып отырмайсыз. Сізге барлығын толыққанды жасап беруді турагентік өз мүддесіне алады. Тіпті, трансверге дейін ұйымдастырады. Сіз демалысқа барып, автобус, метро, трамвай, күтіп картамен қарап жүрмейсіз. Сізді трансвер күтіп алады, шығарып салады демек сізге барлығы дайын сол себепті сіз ештеңені алаңдамай комфортты демалуға арнағаныңыз дұрыс болады. Былайша айтқанда, осы қызметтердің барлығына тиімді жинақталған ақыда төлеп, сіз өте жақсы жайлы жағдайда демалуыңызға болады. Дегенмен де тур агенттікті таңдау кезінде абайлау керек, өйткені қазіргі таңда алаяқтар өте көп. Ақшасын төлегеннен соң, соттасса да қайтара алмаған адамдар өте көп. Қазір соттың өзі мұндай жағдайды шеше алмай жатыр. Сондықтан барынша мұқият болу қажет.

Жалпы, салыстырмалы түрде нарықта келе жатырған турагенттіктердің барлығындағы баға бірдей. Өйткені біздегі база бір. Егер сіз одан арзан баға көрсеңіз, демек ол жерде бір күдікті нәрсе бар деп ойласаңыз болады. Көп дегенде 10-20 мың теңге арзан немесе қымбатырақ болуы мүмкін. Кейде инстаграмдағы таргетте 100-200 мыңдап арзан турлар шығып тұрады. Ал оған сеніп, алданып жатырғандар өте көп. Аэропортқа барса билет жоқ, қонақүйге барса қонақ үй жоқ. Қазіргі кезде мұндай жағдайлар көп орын алып жатыр сол себепті де барынша мұқият болыңыздар.

Аз қаражатпен қалай саяхаттауға болады?

– Барлығын алдын ала жоспарлау қажет. Мүмкіндіктерді жіберіп алмау керек, себебі әуе компания тарапынан әртүрлі жеңілдіктер болады. Дәл бүгін Пегас әуе компаниясы Еуропаға тиімді билеттерді сатуды бастады. Бұл – 2-3 күн болатын жеңілдік. Еуропаға, әрине жүксіз, тамақсыз ұшып барып келуге болады. Бір адамға 80 мың теңгеге Ыстамбұл арқылы транзит жасап баруға да болады. Бұл бір адамға өте жақсы баға, тек алдын ала қонақүй барлығын броньдап, жоспарлап қою қажет.

Еуропа басқа аймақтарға барғысы келетін билеттерді барлық әуекомпанияларынан зерттеп қарап отыру керек. Жоқ басқа аймақтарға барамын дейтін болса, «ыстық турларды» күтіп, билеттерді, жеңілдіктерді қарап, паспортыңызды дайындап, ақшаңызды доллар мен евроға айырбастап, алдын ала жоспарлап отыру керек. Шығып қалған жағдайда дереу тапсырыс беріп үлгеру керек.

Саяхаттауға кеңес беретін үш арзан елді атасаңыз?

– Ешқандай елді арзан деп айта алмас едім. Бірақ Дубайға, Катарға ыстық тур шығуы мүмкін. Екі адамға 250-300 мың теңге деген секілді. Бұл жерге әуе билетіңіз, қонақүйіңіз, трансверг кіріп тұр. Бірақ сіз ол елге барғаннан кейін экскурссия аласыз, қыдырасыз тамақ ішесіз оның барлығы тур пакетке кіре бермейді. Сол себепті ол жаққа тур алған күннің өзінде көп ақша жаратуыңыз мүмкін. Өйткені тамақ салыстырмалы түрде қымбат, таксимен жүресіз, себебі автобус көп емес. Дубайға да дәл солай салыстырмалы түрде бәрібір сол қаражатты жұмсауыңыз мүмкін.

Ал Вьетнам, Үндістан елдері өте арзан. Тамақтанудың өзі біздің елде бір адамға ресторандарда 5-6 мың шығатын болса, ол жақта бір отырғанда 2000 теңгеге күшті тамақ ішіп шығуға болады. Бірақ жету билеттері қымбатырақ болады. Катарға екі адамға 250 мыңға тур шығатын болса, Вьетнамға ондай тур көп шыға бермейді. Десе де, ол елдерге де жеңілдіктер болуы мүмкін барлық агенттіктерді қарап жарнамаларды тексеріп отырған дұрыс болады.

Турдан бөлек, сол жақта жұмсайтын қаражатына қарай ең арзан елдер: Қытай, Вьетнам, Малайзия елдерінде барлығы арзан. Басқа мемлекеттерді арзан деп айта алмаймын, барлық баға біздегідей.

Перизат САПАРОВА,

Jastar janary