Психологиялық тест арқылы өзіңіздің ішкі сезіміңіз туралы біліңіз. Көзіңізді жұмып, денеңізді бос ұстап, содан соң мына суретке қараңыз. Көзіңізге бірінші не түсті?
ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ:
Қыздың беті
Шаршап жүрсіз. Бір немесе бірнеше адам сіздің энергияңызды алып жүр. Ол жұмыстағы әріптестеріңіз немесе көршіңіз болуы мүмкін. Оларға энергияңызды құртпаңыз. Сіз – өте мейірімді адамсыз. Үнемі бәріне көмектесіп жүресіз. Бірақ кейде эгоист болып, өз қызығушылықтарыңызды басқалардан жоғары қоюыңыз керек.
Егер екі жылқының пейзажын көрсеңіз, онда сіз ғашық болып қалдыңыз немесе жақында біреуге ғашық боласыз. Екеуіңіз бірге кез келген қиындықты жеңе аласыздар. Қарым-қатынаста шынайылық білдіріңіз.
Тау немесе құс
Егер әртүрлі ұсақ детальдарға (тау, құстар) мән берсеңіз, өзіңізге деген сенімділікті арттыруыңыз керек. Соңғы кездері басқаларға жол беріп, жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алып жүрсіз. Тәуекел етуден қорықпаңыз.