Елорда әкімдігі жүзеге асырып жатқан JOLTAP жобасының арқасында 18 жастан 50 жасқа дейінгі қала тұрғындары жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартып, жаңа мамандықтарды игеріп жатыр. Солардың бірі – Кенжебек Садуақасов та «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктінен қысқамерзімді тегін курстар туралы біліп, жаңа мамандық иесі атанды, деп хабарлады Jastar janary порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Біз балалар үйінде өстік. Мектепті тәмамадаған ...
Толығырақ »Жастар үні
Семейлік оқушы AR-веб қосымша әзірледі
Абай облысы Семей қаласының 11-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірегей AR-веб қосымшасын жасап шығарды. Бұл инновациялық жоба «Ақылды қала» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, қаланың инфрақұрылымын жобалау және жоспарлау тәсілдерін түбегейлі өзгертуді көздейді. AR технологиясына негізделген қосымша болашақта құрылыс жұмыстарын аз шығынмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар мобильді құрылғылар арқылы жобалардың 3D-модельдерін қарап, QR-кодты сканерлеу арқылы болашақ ғимараттардың ...
Толығырақ »5000-нан астам алматылық шет тілдерін тегін үйреніп жатыр
Алматыда «Тілдер паркі» жобасы сәтті жүзеге асуда. 5000-нан астам қала тұрғыны ашық аспан астында қазақ және шет тілдерін тегін үйреніп жатыр, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми арнасы. Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізілген жоба қаланың барлық ауданын қамтиды. 6 жастан 60 жасқа дейінгі жандарға арналған курс аптасына 3 рет өткізіледі. Мұнда ағылшын, қытай, корей, жапон, француз, түрік, орыс және әрине, қазақ ...
Толығырақ »ENU-да «Жаңа Асу» грантына конкурс өтеді
ENU «Жаңа Асу» грантына конкурс өткізілетінін хабарлады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 9-23 қазан аралығы. «Жаңа Асу» грант байқауының мақсаты – коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми жобалар мен идеяларды қолдау. «Жаңа Асу» гранты ашық конкурстық негізде өткізіледі және соңғы нәтижеге қол жеткізген жағдайда өтеусіз және қайтарымсыз болады. Конкурсқа ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алатын университет қызметкерлері, университеттің докторанттары ...
Толығырақ »Астанада Халықаралық жұмысшы мамандықтарының жастар форумы өтті
Кәсіподақтар күні қарсаңында Астанада «Еңбек эволюциясы: Климат, Құзыреттілік, Код» тақырыбында Халықаралық жұмысшы мамандықтарының жастар форумы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. Жиында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сарапшылары сөз сөйлеп, климаттық өзгерістердің, цифрландырудың және жаңа технологиялардың жұмысшы мамандықтарына әсерін талқылады. Бұл мәселелердің өзектілігін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров өз ...
Толығырақ »«OYORDA» – ойлы жастар ордасы
«OYORDA» – білімді, ұшқыр ойлы жастардың басын косқан біліктілік алаңы. Аталған қауымдастықтың негізін қалаушылардың бірі – Ердәулет Құрал. Ол қазіргі таңда қауымдастықпрезиденті. Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген. Қазір инженер-конструктор болып жұмыс істейді. 22 жаста. Біз Ердәулет Аянұлымен сұхбаттасып, «OYORDA» қауымдастығының мақсат-міндеті мен атқарып жатырған іс-шаралары туралы сұрап білген едік. – Ердәулет мырза, «OYORDA» қауымдастығы қашан құрылды? ...
Толығырақ »ZHETYSU UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ СМАРТ ЭЛЕКТРОМОТОЦИКЛ МОДЕЛІН ЖАСАДЫ
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдары Қуаныш Жақпаев, Жалғас Ахметов және Анет Ибраимов смарт электромотоцикл жасап шығарды. Жас ғалымдардың айтуынша, олар әйгілі «Harley-Davidson» моделіне негізделген электрлік мотоцикл құрастырған. Смарт электромотоциклді мүмкіндігі шектеулі жандар да оңай басқара алады. Бұл көлік экологиялық тұрғыдан таза әрі жүк тасымалдауға да қолайлы. Жобаны толық іске асыру мақсатында ғалымдар командасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысып, грант ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Лицейде жаратылыстану-математика бағытына басымдық беріледі. Атап айтқанда, физика, химия, биология, математика және информатика пәндері бойынша сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Ұстаздар оқушылардың академиялық жетістіктеріне ден қояды. Нәтижесінде олар республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында және спорт сайыстарында үздік атанып жүр. Жыл басында ...
Толығырақ »Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі басталды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Фото: naryntany.kz Олимпиадаға 113 мыңнан астам 9-11(12) сынып оқушыларының рекордтық саны тіркелді. Өткен жылға қарағанда қатысушылар саны 34 мың оқушыға артты. Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі: * I кезең (мектепішілік) – 2024 жылдың қыркүйегі; * ...
Толығырақ »SDU ӨНЕРТАПҚЫШ СТУДЕНТТЕРІ КӨЛІКТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІН ЖАСАДЫ
Өткен жылы SDU студенттері Орта Азия елдерінен алғашқылардың бірі болып халықаралық инженерлік «Формула Студент» жобасына қатысқан болатын. Университет негізінде жасалған алғашқы электромобиль грант ұтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің бұл өнертабысын жоғары бағалаған еді. Қазіргі уақытта студенттер екінші көліктің жобасымен айналысып, жақында «N1 Racing SDU» командасы жаңа өнертабысын көпшілікке ұсынды. Алғашқы көлік электромоторға негізделсе, жаңа автомобиль бензинді мотормен жұмыс істейді. ...
Толығырақ »