Басты бет » Жаңалықтар (страница 87)

Жаңалықтар

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды. – Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас ...

Толығырақ »

Рәміз деген не? Патриот деген кім?

Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Осылай басталатын өлең жолдары ән боп әуелеп, жүректі қозғап, тұла бойды шымырлатқанда «қазақ болып тумағанда не етер ем?» деп ойлайсың-ау?!  Иә, бүгін, 4 маусым – тәуелсіздігіміздің нышаны, егемендіктің символы, ұлттық бірегейліктің көрінісі саналатын мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданып, жалпы жұртқа мемлекетіміздің дербестігін ...

Толығырақ »

Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Айтулы дата қарсаңында назарларыңызға Мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректерді ұсынамыз. Коллаж: egemen.kz 1. Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады. 2. Ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек. 3. 1992 жылы қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған. 4. ...

Толығырақ »

ЕЛ РУХЫ РӘМІЗДЕРМЕН АСҚАҚ!

 Әр ұлт, әр халық үшін елінің егемендігінен, еркіндігінен асқан құндылық жоқ. Ал тәуелсіз мемлекеттің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін айқындайтын, әлемге танытатын елдік белгілері екені белгілі. Олар – Мемлекеттік рәміздер. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.  Сурет: elitar.kz ТҰҒЫРЫ БИІК НЫШАНДАР ...

Толығырақ »

Алаяқтар жасанды интелектіні қолдана бастады

Соңғы уақытта алаяқтық фактілері күннен күнге артып, ауқымын кеңге жаюы, тіпті жасанды интеллектіні пайдалану фактілері де жиі кездеcуде. Сурет: mysty-onir.kz Мысалы, аудио немесе бейне арқылы диалог құру кезінде, олар өздерінің дауыстары мен бет-әлпеттерін ауыстырып, полиция немесе ұлттық банк қызметкері, танысыңыз немесе туысқаныңыз ретінде хабарласады. Олар сіздерді күмәнді банктік операциялар немесе алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операциялар жүргізіліп жатыр деп алдайды. – ...

Толығырақ »

Жастар кітап оқымайды: Шындық па әлде миф пе?

Сурет: kazgazeta.kz «Қазіргі жастар кітап оқуды қойған» дейтін аға буын үшін жастар мен кітап ұғымдары бір-біріне қарама-қайшы секілді. Ақпараттық технология, әлеуметтік желілер, TikTok пен тренд қарқынды дамып тұрған бүгінгі күні осындай ойдың тууы да түсінікті. Дегенмен бұл пікірдің дұрыс емесін, қоғамдық санада қалып қойған стереотиптердің бірі екенін айтқымыз келеді. Жастар кітап оқи ма? Оқығанда қандай! Кітап оқудың форматы, шығарма жанрларының ...

Толығырақ »

АФФИРМАЦИЯЛАР: ӨМІРДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТ

Америкалық жазушы, психолог, өз-өзіне көмектесу қозғалысының негізін салушы Луиза Хейдің «Әйел даналығы» кітабынан үзінді ұсынамыз. Аффирмацияларды осы шақта айту міндетті. «Менде болады» «Мен осындай болғым келеді» дегеннің орнына: «Менде бар» немесе «Мен осындаймын» деңіз. Себебі келер шақта айтылған сөйлем қол жетпес арман болып алшақтай бермек. Жұмыс кестеміз өте тығыз болғандықтан, өзімізбен жұмыс жасауға уақыт таба бермейміз. Жан дүниеңізбен жұмыс жасаудың ...

Толығырақ »

Оқушылар Ақорданы аралап көрді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. Аталған шара аясында балалар «Ақорда» резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы ...

Толығырақ »

Кішкентай Кәусар Димаштың ұлыбританиялық жанкүйерлеріне қазақ тілін үйретуде (видео)

Көпшілікке «Балапан» арнасындағы «Мисс Кәусар» бағдарламасы арқылы танымал Кәусар Ғалымжанқызы енді ағылшындарға қазақ тілін үйрете бастады. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналып, өте мазмұнды кеш өтті. Бұл туралы Кәусардың әкесі, белгілі журналист Ғалымжан Қараманұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. ⠀– Фан клуб мүшелері Димаштың әндерін орындады. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Диерстар Қазақстанға қайырымдылыққа 1 млн теңге аударды. Бұл ақшаға Балалар ...

Толығырақ »

ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ «СЫР САНДЫҚ ІІ» ЖЫР-ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Жақында Еуразия ұлттық университетінде «Топжарған» ақындар клубының бастамасымен «Сыр сандық ІІ» жыр-жинағы жарыққа шықты. Бұдан бір жыл бұрын жас қаламгерлердің алғашқы өлеңдер жинағы оқу ордамыздың мерейлі 25 жылдығында баспадан жарық көрді. Биыл да бұл бастама қолдауға ие болып, жинаққа жиырма бес ақынның өлеңдері еніп отыр. Кітапқа ақындардың әртүрлі тақырыпта жазған балауса жырлары топтастырылды. «Сыр сандық ІІ» жыр-жинағының таныстырылымында Еуразия ұлттық ...

Толығырақ »