Биыл 2021-2023 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы әзірленіп, іске қосылды. Бұл бағдарлама Жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Transformation» жобасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. NEET санатындағы жастар дегеніміз – жұмыс істемейтін (жұмыссыздар және жұмыс күшінен тыс адамдар), білім алумен немесе кәсіптік оқытумен айналыспайтындар, білім беру ...
Толығырақ »Руханият
СӘНДІ БЕРЕТТЕР
РОМАНТИКАЛЫҚ БАС КИІМ Жыл сайын танымал дизайнерлер береттің сан түрлі үлгісін ұсынады. Әсіресе, жазы қоңыр салқын Еуропа елдерінің сұлулары бас киімнің бұл түрін жыл он екі ай ауыстырып киюге дайын. Дизайнерлердің айтуынша, берет кез келген жастағы қыз-келіншектерге жарасымды. Тек оны таңдап киерде қателіктерге ұрынбаған жөн. Осыған байланысты стилист мамандар мынадай кеңес береді. Берет – романтикалық бас киім. Сондықтан оны джинсымен, ...
Толығырақ »Заң балаларды қорғай ма, қорлай ма?
Жаңа заң жік салып жүрмесін… Қоғам белсенділерінің пікірінше, жаңа заңнама тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес деп аталатын жүйеге қатысушылар шеңберін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар баланы отбасынан бөлу, яғни тартып алу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы, баласын ұрған ата-аналарға 3 миллион теңге айыппұл немесе 2 жылға дейін оқшаулау жазасы қолданылуы мүмкін. Заңгерлер Анатолий Ким, Бейбіт Омаров, құқық қорғаушы Алия Абдинова, адвокат Елена Игнатенко, ...
Толығырақ »Жылқы – ұлттық ойындар бастауы
Ботай заманынан бері жылқыдан түспеген ата-бабаларымыздың ойын-сауығының өзі де тұлпарлар үстінде өтетін болған. Солай болуы табиғи заңдылық та еді. Жоғарыда айтып өткен балалардың тем шығар ойынының өзі жерде, жаяу ойналса да, ойын тақпағында жылқы алдымен аталып, оның шабысы ойын қиымылына айналған. Ілгеріде сөз қылғандай мереке-тойларда, жиын-сауықтарда, аста қазақтың ат үстінде жүретін сайыс ойындарымен қатар жөні келсе айтыс та ат үстінде ...
Толығырақ »ШАМАҢ КЕЛСЕ ШЫНДЫҚТЫ АЙТ
«Қаламгер қазынасы» сериясынан Көсемәлі Сәттібайұлы Талапты ауылы. Шерхан ағаның інісі Батырханның шарбағындағы алма талдың түбінде отырмыз. Кешкі мезгіл. Өрістен қайтқан сиырлардың мөңіреген дауысы мен ауыл адамдарының самбырлаған үндері құлаққа келеді. Бәкеңнің абалаған иті де кешкі шуды молайта түскісі келгендей қосамжарланып жатыр. Шерағаң болса «ал, сөйле» дегендей мені күтіп отыр. Әрине, Шерағаң туралы көп жызылды. Көп айтылды. Олар кітап болып бірінен ...
Толығырақ »ӘЖЕМНІҢ ӘҢГІМЕСІ
Әжемнің асыл бейнесі көз алдымда… Әжем жаратылысынан ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбеті өзара үйлесім тапқан, жүзі шырайлы, бітімі келісті, бойшаң, кеудесін тік ұстайтын, зерек ойлы, талғамы жоғары, зиялы жан еді. Күнде таңғы елең-алаңда ерте тұрып, Алладан бала-шағасының амандығын тілеп, жайылған дастарқанға ыстық ықыласын білдіріп отыратын. Иә, асыл әжем Бөшенқажы келіні Зіния Ахметқызы 1910 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ...
Толығырақ »Балалар әдебиетінің бүгінгі бейнесі
Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Бұл Президенттің сөзі, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал кітап оқу дағдысы бала кезден қалыптасады. Бердібек Соқпақбаев, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әліден кейін балалар әдебиеті елеусіз қалғандай. Балдырғанның санасына ұлттық құндылықтарды сіңіретін көркем әдебиет неге кенжелеп қалды? Бүгінгі балалар әдебиетінің беталысы жақсы деуге келмес. Ғаламтордан жылдам ақпарат алып үйренген бала кітап оқуға құмар да емес. Әдейі ...
Толығырақ »Полицейлер отбасы
Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, үлкен геосаяси маңызы бар ел. Бірақ ең бастысы, ол – орасан зор әлеуеті және өркендейтін болашағы бар мемлекет. Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қандай болатыны көп жағдайда мүлдем жаңа жағдайларда білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты болғандықтан, Мемлекет басшысы жастарға ерекше басым көңіл бөледі, өйткені нақ осы ұрпаққа жаңа, қазіргі заманға сай Қазақстанда өмір сүріп, ...
Толығырақ »АНАМ АЙТҚАН «ЖАЛҒАН» СӨЗДЕР…
Бала күнімізде ауылда тұрдық. Отбасы жағдайымыз тым төмен болды. Кедейліктің тақсіреті маған сезілмесе де шешеме қатты батты. Киер киім, ішер асқа жарымай жүргенде, ол үнемі өз ыдысындағы несібесін маған бөліп беретін еді. «Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ», — дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді. Ер жете бастаған шағымда, базардағы қымбат зат немесе дәрумендер алып беруге шешемнің ...
Толығырақ »БАЛАНЫ «КӨМЕКШІ» РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК
Баланы жастайынан еңбекке баулу – бала тәрбиесінің ең маңызды бөлігі. Неғұрлым еңбекке ерте бейімделген бала соғұрлым іске епті келеді. Сондықтан балаға ойнап болған соң өз ойыншықтарын өзі жинауын үйрете беріңіз. Баланы 3-4 жасынан бастап-ақ ата-анасына кішігірім істерде «көмекші» ретінде пайдалану керек. 👦🏻 Мысалы, ұл балаға: ✔ «балғаны алып кел» ✔ «ыдыстағы суды сыртқа төк» ✔ «кітаптарды орнына апарып қой» ✔ «қарындасыңның бауын байлап бер»; ...
Толығырақ »