Басты бет » Жаңалықтар » Қосшыдағы мұғалімдері Шерхан Қалмұрзаның мектептегі жылдарын еске алды

Қосшыдағы мұғалімдері Шерхан Қалмұрзаның мектептегі жылдарын еске алды

Шерхан Қалмұрза – бүгінде қазақстандық футболдағы ең көп айтылатын есімдердің бірі. Бар-жоғы 17 жасында ол алматылық «Қайрат» сапында Премьер-лигада дебют жасап, кейін Чемпиондар лигасы алаңына шықты. Жас қақпашы турнир тарихына ең жас қақпашылардың бірі ретінде енді.
Оның сенімділігі мен сабырлылығы бірден жанкүйерлер мен мамандардың назарын аударды, ал Қалмұрзаның есімі бірнеше күннің ішінде бүкіл елге танылды.
Шерхан 2008 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Орта білімін Қосшы қаласындағы #2 орта мектепте алды.
Спортқа деген сүйіспеншілікке толы ортада тәрбиеленген ол жастайынан көшбасшылық қасиеттері мен мақсаткерлігін көрсетті. Оның басты тәлімгері – бұрынғы футбол бапкері атасы болса, мектеп ұстаздары Шерханның кез келген іске байыппен қарайтынын үнемі атап өтетін.
«Шерхан әрқашан белсенді әрі мақсатшыл болатын. Мектептің қоғамдық өміріне қатысып, достары арасында үлкен беделге ие болды. Тәртіпті, жауапкершілікті оқушы еді. Тіпті сабақта да спорттағыдай байыпты көзқарас танытатын. Оның армандары мен мақсаттары әрқашан биік болатын – ол ауқымды ойлаудан қорықпай, алдына батыл міндеттер қоятын. Оның қалыптасуына ең көп үлес қосқан – атасы. Ол Шерханға спортта ғана емес, өмірде де нағыз ұстаз әрі дос бола білді. Біз бұл қасиеттері Шерханға үлкен жетістіктерге жетуге және Қазақстанды әлемдік футбол ареналарында танытуға көмектесетініне сенеміз», – дейді сынып жетекшісі Тазагүл Садуакасова.
Шерхан Қалмұрза «Қайрат» қақпасын қорғап, Қазақстан құрамасының намысын қорғауда. Ол екі мәрте Жастар лигасының чемпионы атанды.
Оның жолында – таланттың, табанды еңбек және отбасының қолдауы әсері зор. Қосшыдағы жанкүйерлері, сыныптастары әрдайым марқайып, тілекші екенін жеткізеді.