Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 7)

Архив блога

КИЕЛІ КИМЕШЕК

Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ, этнолог, тарихшы, журналист Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, Ақ кимешек жоғалса… Нені көрем? М. Мақатаев Өткенде кимешек киген фотомды көріп, “кимешекті тек кемпір киеді ғой” деген пікірлер естідім. Кимешекті кім киеді, кимешектің пайдасы қандай? Кимешек – қазақ әйелінің ұлттық киімі. Жаңа түскен жас келіншек кимешек кимеген, келіннің басына ақ орамал ораған. Құрсақ көтеріп, бөпесі туған соң, бала қырқынан ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТКЕ БАРҒАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

ІІМ қызметкерлері Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттерге күдікті ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Jastar janary Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам интернет-мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырған. Анықталған жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ЖЕҢІС: ТАЕКВОНДОШЫ ТАМИРЛАН ТІЛЕУЛЕС – АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды. Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті. Тамирлан бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Кездесудің қорытындысы бойынша Тілеулес 2:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Осылайша Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында ...

Толығырақ »

ҚОС БОКСШЫМЫЗ АЗИАДА АЛТЫНЫН ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ

Бүгін алғаш болып Азия ойындарының финалында атой салған отандасымыз Төрехан Сабырхан, кейін команда капитаны Айбек Оралбай алтын еншілеп қазақстандық бокс жанкүйерлерін қуантты. Сабырхан Қазақстан боксының Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы алтынын иеленіп отыр, деп хабарлайды Jastar janary. Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы финалда Иордания өкілі Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Отандасымыз қарсыласын 5:0 ...

Толығырақ »

Жолдағы қауіпті әрекет: Астанада той кортежінің қатысушылары қамауға алынды

Сурет: видеодан скриншот Астанада полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежін анықтады. Тексеру барысында бес автокөлік анықталып, жүргізушілеріне апаттық жағдай туғызу, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Барлық көлік құралы коммуналдық мамандандырылған тұраққа қойылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қозғалыс кезінде көліктен денелерін шығарып, шу көтеріп, жол қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтірген 21 жастағы ...

Толығырақ »

Әлемдегі ең тар автокөлік Гиннес рекордтар кітабына енді

Италиялық механик Андреа Марацци 1993 жылғы Fiat Panda-ны негізге алып, жол жүруге жарамды ең тар автокөлікті құрастырды. Ені — бар болғаны 50,2 см, яғни әдеттегі велосипедтен екі есе тар, чемоданнан да жіңішке. Guinness рекордтар кітабы бұл рекордты 2026 жылдың қыркүйегінде ресми түрде растады, ал көлік 2027 жылғы жаңа басылымға енді. «Flat Fiat» деп аталған жобаны механик отбасылық автобөлшектеуде жасаған — ...

Толығырақ »

Бір мектептің сегіз түлегі Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде Қазығұрт ауданы Көкібел ауылындағы Сабыр Рахымов атындағы орта мектептің сегіз түлегі Отан алдындағы борышын өтеп жүр, – деп хабарлайды Jastar janary Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Фото: gov.kz Бір кездері олар мектеп қабырғасында бір партада отырып, білім алды. Мектеп бітірген соң әрқайсысы өз жолын таңдады. Бірі «Байланысты бақылау» мамандығы бойынша колледж тәмамдаса, енді бірі ...

Толығырақ »

Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы: Жас шахматшымыз үздік нәтиже тіркеді

Қазақстандық шахматшы Елназ Қалиахмет Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында жеке есепте алтын медаль жеңіп алды. 16 жастағы отандасымыз төртінші тақтада өнер көрсетіп, үздік нәтиже тіркеді. Қалиахмет Олимпиада барысында 8 партия өткізіп, 6 жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, бір рет жеңілді. Ол 6,5 ұпай жинап, 2450 перформанс-рейтинг көрсетті. Жас шахматшының Қытаймен өткен маңызды кездесудегі жеңісі де Қазақстан құрамасына үлкен ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ: Жастарымыздың қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесі бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде елдегі бірқатар мәселеге тоқталып, ел бірлігі, ұлтаралық татулық, мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңейгенін айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осыған дейін бірнеше мәрте айтқанмын: ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл. Бұрын болжаммен, долбармен ғана айтылатын жағдай қазір шындыққа айналды. Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТЫҚ 4 ЖАСАР БҮЛДІРШІН 195 ЕЛДІҢ ТУЫН ЖАТҚА БІЛЕДІ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Бостандық ауылында тұратын кішкентай Афшона Абдикаримова географияға деген ерекше қызығушылығымен көпшілікті таңғалдыруда, деп жазды Jastar janary. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Афшонаның географияға деген қызығушылығы 3 жасынан басталған. Үйдегі әлемнің саяси картасын қызыға зерттеген бүлдіршін алдымен картада бейнеленген мемлекеттердің туларына назар аударған. Бауырларымен бірге елдердің тулары мен атауларын үйренуге қызығушылық танытып, қысқа уақыт ішінде алғашқы ...

Толығырақ »