Басты бет » Жаңалықтар » Ұлттық тақиямыз сәнде

Ұлттық тақиямыз сәнде

Қазір сән үлгісінде сан түрлі өзгерістер мен жаңалықтар көп. Жастар түрлі жаңа образ құрастырып, жаңаша бір трендттер қалыптастырып жатыр. Жаз келгелі адамдар түрлі түсті киім үлгілерін киюді сәнге айналдырған.

Заман ағымына қарай сән үлгісі де жаңаша тренд, түрлі образдар әкелді. Мысалы, қазіргі жаз маусымына сай трендтегі түстер ол жасыл, күлгін, қызғылт, ақ және көк түстер. Осы түстер арқылы түрлі оьраздар дайындалуда. Әсірессе спорттық киім үлгісі көп сұранысты талап етеді. Түрлі бос жейделер, кең футболкалар, шалбарлар сұранысқа ие. Және сұлу ханымдарымыз үшін түрлі қызғылт, жасыл, сары түстерді байланыстара белдемше, көйлек, кроп-топтар трендтке енуде. Бірақ біздің байқағанымыз, қазіргі жас сұлу ханымдар ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып жатыр. Түрлі ұлттық оюмен көйлек, жейде, бас киім, орамал тіпті аксесуарлар ретінде әшекейлерді трендке айналыру үстінде. Қазір көп қыздардан тақияларды киіп жүргенін байқаймыз. Және шашбау, сырға тағып алып, қазақ қызының жаңаша ерекше образын қалыптастыруда. Қоғам екі жақты пікірді ұстанды, бірі қазақ қызының ерекше образының сәніне қуанса, бірі тақия киюдің де орны бар екенін оны да жас ерекшелігіне қарай кигені дұрыс екенін айтуда. Ұлттық идея жаңғырғаны расыменде жақсы, бірақ жастарымыздың салт-дәстүрді дұрыс жағынан үндестіргені маңызды. Әлеуметтік желідегі қазақ жігіттерінің осы бір шашбау, тақия, сырғалар қыздың ерекше бір болмысының көрінісі екенін айтып, тамсана қарайды. Ғаламтордан стилистерді оқи отыра біздің сізге ұсынар кеңесіміз:
Тақия таңдау кезінде түсіне мән беріңіз. Яғни, ашық қаныққан түстерді таңдаңыз, әдетте ондай түстерді өзіне сенімді жандар таңдайды, және барлық киім үлгісімен үйлеседі. Осы тұста түс таңдау арқылы психологиялық тұрғыдан адамның ішкі жай күйін аңғарамыз.
Киімдер композициясын түстірмен үндестіре алсаңыз, сырт көзбенде ерекше үйлесім тауып, одан сайын сұлулығыңызды арттырады. Тақияны джинсы мен де, белдемше, көйлекпен де үндестіре аласыз, өзіңіз байқағандай, тақия заманауи образыңызға ерекшелікпен қазақ қызының ұяңдығымен ибалылығының ерекше бір бейнесін көрсетеді. Ал түрлі аксесуарлар арқылы сырға, шашбау ежелде қыз келе жатқан сәтте үлкендер артық дүниені тыйып, сол жерде өздерін тоқтатқан. Ал қазіргі таңда қыз баласының сырға таққаныменен, артық нәрсені еститін құлағын тыйылмаған, артық әңгіме сол жерде жалғасын тауып жатыр қасында бойжеткен өтіп бара жатса да. Бірақ осы үдірісті жаңғырта сыңғырлап өткен шашбау мен сырға арқылы қоғам артық әңгімеден тыйылатын еді. Және қыз баласының бойына оның тазалық пен даралығын қайтадан еске саламыз. Себбеі ұлтты тәрбиелейтін ананы қалыптастыратын қоғам болуымыз маңызды.
Тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін иә сұлылық расыменде әлемді құтқарып, қоғамға жаңа серпін енгізді. Қоғам жанашыры болып, ұлттық дүниені жаңғыртып ұлттық қоғамдық трендті қалыптастырған ғанибет емес пе?

Шырын Халелова, 

ЕҰУ Журналистика факультетінің 

2-курс студенті