Жақында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары студенттер жатақханасы мәселесін көтерді.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өзінің instagram парақшасында жазба қалдырды.
Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді».
«Еліміздің тірегі – жастар», «Жас келсе, іске!» деп ұрандатып жатамыз. Дегенмен, сол жас студент үшін жатақхана мәселесі шешімін табар емес. Cтуденттің сапалы білім алуы үшін, оның жатақханамен қамтамасыз етілуінің маңызы зор.
Елімізде 1,1 миллионнан астам студенттер білім алады. Оның тек 16 пайызы ғана (174 мың) жатақханамен қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде жатақхана жетіспеушілігі 80 мың орынды құрап отыр.
Бұл мәселені уақытында шешу үшін Елбасы 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырған.
Бірақ, аймақтарға келетін болсақ, бастама әркелкі жүзеге асуда. Әсіресе, cтуденттер жатақханасының ең үлкен жетіспеушілігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі. Мысалы, Алматы қаласында 170 мыңға жуық (38 университет, ЖОО) студент білім алса, оның тек 31 мыңы ғана жатақханамен қамтылған. Дәл қазірдің өзінде Алматы қаласы бойынша жатақхана жетіспеушілігі 35 мың орынды құрап отыр.
Соған қарамастан, осы жылдың басында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне тиесілі территорияда 400 орындық жатақхананың құрылысы басталмай жатып тоқтатылды. Бұл құрылыстың тоқтауына паркпен ұштасып жатқандығын арқау еткен тұрғындардың шағымы әсер етті.
Негізі 11 сотық жер телімі тікелей университеттің заңды территориясы екені құжаттармен расталса да, әкімдік тарапынан жерді ауыстыру мәселесі қарастырылды. Құрылыс маусымын пайдаланудың орнына, арада 8 ай өтсе де, әкімдік тарапынан жер бөлу мәселесі шешімін таппай келеді.
Мысалы соңғы 3 жылда Педагогикалық университеттегі студенттердің саны 4 есеге, яғни 16,1 мың білім алушыға көбейген, оның ішінде өзге аймақтан келгендері 11 мың жасты құрайды. Бүгінде ҚазҰПУ-да небәрі 1300 орындық 5 жатақханада, студенттердің тек 8 проценті ғана тұрады.
Өздеріңіз білетіндей, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2021 жылы еліміз бойынша 10 мың орынға арналған студенттік жатақханалар салынуы тиіс. Бұл бас партия тарапынан қойылған нақты, әрі студент жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шешім.
✅ Екіншіден, еліміз бойынша ең көп университеттер орналасқан Алматы қаласында сейсмикалық талаптарға сай 9-10 қабатты жатақханалар салу мәселесін ойластыру.✅ Үшіншіден, еліміздің ең ірі педагогикалық университетінің жатақхана салуға арналған тиісті жер мәселесін шешуді.✅ Төртіншіден, студенттік жатақханалардың заманға сай жабдықталуы мен олардың кезекті жөндеу жұмыстарын уақытында іске асыруды қолға алуды сұраймыз.
‼️ Елбасы, партия Төрағасының студенттерді қолдауға бағытталған тапсырмаларын уақытында, әрі сапалы орындау басты міндет екенін ескертеміз. Бұл әрдайым «Nur Otan» партиясының қатаң бақылауында болмақ.