Басты бет » Жастар үні » ЛОНДОНДА ҚАЗАҚ МЕКТЕБІН АШҚАН ӘСЕЛ

ЛОНДОНДА ҚАЗАҚ МЕКТЕБІН АШҚАН ӘСЕЛ

Англияда тұрып жатқан Әсел есімді қазақ қызының шет мемлекетте қазақ тілін үйрету мектебін ашқандығы туралы Жолымбет Мәкіш есімді желі қолданушысы өзінің Facebook парақшасында жазыпты.
«Англияға кеткен Әcел дейтін павлодарлық қарындасымыз Лондоннан қазақ мектебін ашыпты. Лондонда қазір бес мыңдай қазақ тұрады екен. Олардың ішінде Қазақстанға қайтып келетіндері де бар, сол жаққа біржола көшіп кеткендері де бар. Бірақ бәрі балаcын қазақша оқытқысы келеді екен. Қазақстанның өзінде балалардың тілі орысша шығып жатқанда, шетелде жүрген олардың жағдайы мәз емес екені белгілі. Балалары ағылшынша сөйлейтін шығар… Сөйтіп, мектеп ашып, екі мұғалімді жұмысқа алып, қазір бала оқытып жатқан көрінеді. Айтайын дегенім, осы шетелдегі қазақ елшіліктері немен айналысады? Шетелдегі қазақтардың балаларын қазақша оқытатын мұндай мектептер әр елшіліктің жанында болуы керек еді ғой?! Әр жерде шашырап жүрген қазақ балаларына қамқор болып, олардың қазақша оқуына жағдай жасау солардың міндеті емес пе еді? Дегенмен, Әлияға риза болдым. Шетелде жүрген отандастарына ой тастайтын өте жақсы бастаманы қолға алыпты!», — деп жазады Жолымбет Мәкіш.