Басты бет » Жастар үні » ЖАС СЕРЖАНТТЫҢ ҮЗІЛГЕН АРМАНЫ…

ЖАС СЕРЖАНТТЫҢ ҮЗІЛГЕН АРМАНЫ…

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, сержант Мансұр Гұмаров әскери қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Ол Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Жұбан ауылында туған. 
Мансұр 2026 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжін бітірген. Әскери мамандықты меңгеріп, Отан алдындағы азаматтық әрі әскери қызметін абыроймен атқарған.
Жас сержанттың арманы Отанға адал қызмет ету еді. Каспийдің асау толқыны оның жас арманын үзді.
Мансұрдың мезгілсіз қазасы ата-анасы мен туған-туыстарына, жақындарына, ауылдастарына және барша ел-жұртына орны толмас қайғы әкелді.
Барша Қазақ еліне қайғыра көңіл айтамыз!