Басты бет » Даналық дәптері » Күйеу қайын жұртында неге бата бермейді?

Күйеу қайын жұртында неге бата бермейді?

 

Сурет ашық интернет көздерінен алынды

Күйеу қайын жұртына келгенде бата бермеу себебі өз жұртында әр ру өзің басқарып, әулетіне өздері бата береді. Алыстан келген сыйлы қонақтар бата береді. Ал күйеу балаға бермейтіндігі, жаман ырым. Ұрпағы жоқ болып, қыз ұрпағы билемесін деген түсінік.
Күйеу бала қайын жұртына келгенде қалтасынан бәкісің алып пайдаланбайды, сол үйдің пышағын ғана қолданады. Пышақ қару ретінде түсінгендіктен, руы басқа күйеу баланың өз пышағың ұстауы – әдепсіздік.
Күйеуді төрге шығармауы. «Есіктен кіріп төр менікі деме, шаңырағыма ие болар өз ұрпағым бар дегені. Күйеу баланы жиырма жылдан кейін, төрге шығарып, құрметтейтін болған.
Бұл қазақтың өз жақынына да сақтықпен қарауы, біздің көрегендігіміз.

Райхан Матаева,
этнограф