Жақында Qazaq Air әуе компаниясының Қызылорда – Астана бағытындағы рейсі кезінде оқыс оқиға орын алды. Бортта бір жолаушының жүрегі қысылып, есінен танып қалады. Осы сәтте Астана медициналық университетінің интерні Дінмұхаммед Бектұрған жолаушыға шұғыл көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жолаушының өмірін қонғанға дейін құтқарып қалған. Интерн жолаушының өмірін қалай құтқарып қалғанын былайша баяндады: «Ұшақта, шамамен, 50 жастағы жолаушыға көмек қажет болды. Ол ...
Толығырақ »Жастар үні
Елордалық еріктілер ардагерлер ауласын тазалап, қарын күреді
Астанада қалың қардың жаууына байланысты қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысыммен жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жастар халықтың әлеуметтік осал санатындағы ардагерлер мен мұқтаж азаматтарға белсенді түрде көмектесіп, ауласының қарын күреуге атсалысып жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Елорданың 10-ға жуық волонтері жалғыз тұратын ардагерлерге үйлері мен аулаларын тазалауға, ауласын қардан күреуге көмектесті. ...
Толығырақ »Ақгүлім ҚОНЫСБЕК, «Арман» құрамасының мүшесі: «ЖАЙДАРМАННЫҢ» ӨМІРІМДЕГІ ОРНЫ ЕРЕКШЕ
«Жайдарман» – бойында дарыны, қабілеті бар талантты жастардың ордасы. Астарлы әзіл арқылы елдегі өзекті мәселелерді көтеріп, өнер мен мәдениетімізді дәріптеп келе жатқан «Жайдарман» – талантты жастарды қанаттандырған әзіл шаңырағына айналды. Бүгін «Жайдарманда» өнерлерін паш етіп, халыққа шынайы күлкі сыйлап жүрген қыздардан құралған «Арман» командасымен таныстырмақшымыз. «Арман» құрамасы осыдан 1 жыл бұрын құрылған. Қыздардан ғана құралған команданың мүшелерінің барлығы – студенттер. ...
Толығырақ »Жастар арасында IQ BATTLE интеллектуалды сайысы өтті
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы» жобасы аясында жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында IQ BATTLE интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Алматы қаласының жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер мен жас ғалымдар арасынан іріктелген 15 топ қатысты. Қатысушылар түрлі бағыттағы интеллектуалды тапсырмаларды орындап, логикалық және шығармашылық қабілеттерін сынауға мүмкіндік алды. ...
Толығырақ »Белсенді жастарға «Рухтастар» сыйлығы табысталды
Елордада «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты үздік волонтерлер мен белсенділерді марапаттады. Республикалық «Рухтастар» жастар сыйлығы осымен үшінші жыл қоғамдық қызмет атқарған, жастар саясатын дамытуға үлес қосқан жастарға табысталып отыр. Шараға Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар көшбасшылары қатысты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты, яғни ...
Толығырақ »Жайдарман – жастар мектебі
«Жайдарман» ойындарының негізі қаланғалы біраз жылдың жүзі болды. Халық сүйіктісіне айналған бұл қозғалыс қоғамдағы өзекті тақырыптарды әзіл арқылы астарлай жеткізе білетіндігімен ерекшеленеді. Десек те, қазіргі «Жайдарманды» осыдан 6-7 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда айырмашылықтың жер мен көктей екенін аңғарамыз, деп жазды «Ақмешіт жастары» сайты. «Бұл да бір мектеп» дейді жайдарманшылар қауымы, бірақ бүгінгі жайдарманның жастарға берері не? Осы тақырып аясында белгілі ...
Толығырақ »ЕЛ ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ІСТЕР АТҚАРДЫ
Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар саласы бойынша 2024 жылдың қорытындысын шығарды. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы негізгі оқиғаларды жариялады. Қазақстан жастарының саны ел халқының үштен біріне жуық – 5 759 781 адамға жетті. Жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастарды қолдау және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда: оларды жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету бойынша бірқатар гранттық жобалар жүзеге асырылды. Түрлі салада таланттарды ...
Толығырақ »«Таза Қазақстан»: ғарышкер Айдын Айымбетов оқушылармен кездесті
С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетовтің қатысуымен ерекше іс-шара өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Таза Қазақстан» экологиялық жобасын қолдау мақсатында, ғарышкер оқушылармен бірге мектепте гүл отырғызу рәсіміне қатысты. Бұл игі шара оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп қана қоймай, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға ынталандырды. Айдын Ақанұлы табиғатты сақтау – ғаламшарымызды ...
Толығырақ »Астанада 700 оқушы бір сәтте «Мен қазақпын» әнін шырқады
Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласындағы №29 орта мектебінің 700 оқушысы ұстаздармен қосылып, «Мен қазақпын» әнін хормен орындады, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл челлендж республиканың басқа қалаларындағы оқушыларға жолданды. Елордалық оқушылар хормен ән айтуды әр мерекеде дәстүрге айналдырып, ұлттық әндерді шырқап келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын таппақ.«Бұл ...
Толығырақ »Отбасылық жұпқа бизнесін дамытуда JOLTAP жәрдемдесті
JOLTAP жобасы қала тұрғындарын жаңа мамандықтарға оқытуды белсенді түрде жәрдемдесіп келеді. Астаналық ерлі-зайыптылар әлеуметтік жоба курстары бизнесті дамытуға қалай көмектескенін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Анастасия мен Марк Гамалийдің белсенді дамып келе жатқан бизнесі бар, онда тиімді басқару үшін жаңа құзыреттер қажет болды. Олар гидравликалық лифт сатып алып, техниканы жалға алады. «Уақыт өте келе, біздің автопаркте тағы екі ...
Толығырақ »