Басты бет » Жаңалықтар » Елді шулатқан Еспанов сүйіктісіне ұсыныс жасады

Елді шулатқан Еспанов сүйіктісіне ұсыныс жасады

Белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Jastar janary.

Бұл қуанышты жаңалықпен оның досы, Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек Қожахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Неге сонша асықтың? 40 жасқа дейін уақыт бар еді ғой? Бақытты бол! «Потом стоит/не стоит», «сколько из 10» айтасың ғой», – деп әзілдеді ол.

Олжас Еспановтың жеке өміріндегі өзгерісіне желідегі оқырмандары да құттықтауларын жаудырып, бақыт тілеуде.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас жас қыздармен интимдік хат алмасқаны үшін қатаң сынға ұшыраған еді. Бірақ бұл жағдай оның өміріндегі оң өзгерістерге кедергі болмаған сыңайлы.

Дереккөз: todayinfo.kz