Басты бет » Жаңалықтар » Бетін тұмшалаған төрт қызға сот үкімі шықты

Бетін тұмшалаған төрт қызға сот үкімі шықты

Атырауда маңдайында араб жазуы бар Қазақстанның жалауымен сұқ саусағын көтеріп суретке түскен төрт қызға сот үкімі шықты деп хабарлайды Jastar janary Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сот мұны «ұсақ бұзақылық» деп танып, қыздардың біреуін 15 тәулікке қамап тастады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабына сәйкес, мұндай әрекетке 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған», – дейді Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Ілгеріде айтқанымыздай, сот үкімімен қыздардың бірі 15 тәулікке қамалды.

Оның жазасын ауырлатқан жайт әлгіндей әрекетке жасөспірімді тартқан және топ болып әрекет етуге мұрындық болған.

Екінші қызға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үшінші, кәмелет жасына жетпеген қыздың ата-анасы да 39 мың теңге айыппұл арқалады. Фотода төртінші қыздың қандай жаза алғаны белгісіз.

Оқиға әлемжеліні әжептәуір шулатқан еді. Тудың ресейлік платформада емін-еркін сатылып жатқаны әшкере болғаннан кейін, Wildberries интернет-дүкені арабша жазуы бар Қазақ жалауын сөреден алып тастаған. Жаза тым ауыр емес пе, қалай ойлайсыздар?