Адамдар ақпаратты қабылдауына қарай 3 топқа жіктеледі: аудиал, визуал, кинестетик. Өзіміз туралы жақсы білу үшін олардың әрқайсын жеке талдайық.Аудиалдар Аудиалдар ақпаратты құлақпен қабылдайды. Бұл өте сирек кездесетін жандар. Олардың есте сақтау қабілеті мен есту мүмкіндігі өте жақсы дамыған. Біреуді тыңдағанды жақсы көреді. Сырт көзге аудиалдар қырсық, еш өзгермейтін адам болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл жалған, себебі аудиалдар өте мейірімді келеді. ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Баянөлгейлік жас өнерпаз – ШАХНАЗ
Моңғолияның Баян-Өлгей аумағында қазақтың жас талантты қызы тұрады. 4 жасынан өнерге жақын Шахназ Айболатқызы көптеген додаларда топ жарып, көпке танылып жүр. Біз талабы таудай, өнерпаз қандасымызды көпшілікке кеңірек таныстыруды жөн көрдік. – Алдымен өзіңді кеңірек таныстырып өтсең… – Мен Баян-Өлгей аймағында туып-өстім. Жалпы білім беретін №1 мектептің 7-сыныбында оқимын. Ал отбасым жайлы айтатын болсам, шаңырағымызда асқар тау әкем, аяулы анам, ...
Толығырақ »Күзде бет терісіне қандай күтім жасау керек?
Сұлулыққа жаны құмар қыз-келіншектер жылдың кез келген мезгілінде ажарланып, сұлу да сымбатты болып жүргісі келеді. Дегенмен күз мезгілінде ағзамыз әлсіреп, әртүрлі өзгерістерден кейін бет терімізде түрлі проблемалар пайда болатын жасырын емес. Оны қалай емдейміз? Қандай өнімдерді қолдану керек? Осы орайда косметолог-дерматолог маман Жанна Кеңесбекқызы кәсіби түрде жасалатын процедуралар мен үй жағдайындағы бет күтімі жайлы айтты. – Күз мезгілінде бет терімізге ...
Толығырақ »«ALMATY PUPPET FESTIVAL – 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАРЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры – тамырлы тарихы 1935 жылдан бастау алатын республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры. Бүгінде өнер ордасы таяқ қуыршақтан бастап, заман ағымына сай күрделі марионеткалар, соңғы үлгідегі техникалық-лазерлі көркемдеулермен жабдықталған. 90 жылға жуық тарихы бар өнер ордасы әр жыл сайын көрермен талғамы мен қызығушылығына сай қазіргі таңдағы өзекті де белді оқиғаларды кішкентай бүлдіршіндер мен ересектердің сұранысына сай ...
Толығырақ »Семейлік оқушы AR-веб қосымша әзірледі
Абай облысы Семей қаласының 11-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірегей AR-веб қосымшасын жасап шығарды. Бұл инновациялық жоба «Ақылды қала» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, қаланың инфрақұрылымын жобалау және жоспарлау тәсілдерін түбегейлі өзгертуді көздейді. AR технологиясына негізделген қосымша болашақта құрылыс жұмыстарын аз шығынмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар мобильді құрылғылар арқылы жобалардың 3D-модельдерін қарап, QR-кодты сканерлеу арқылы болашақ ғимараттардың ...
Толығырақ »Дәулет МҰҚАЕВ: Хайуанға еліктейтіндер көбейіп барады
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Jastar Janary. Фото: vedomosti.ru «Дабыл!!! Ата-аналарға үндеу. Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады. Иә, олар мысыққа, итке, қасқыр, сілеусінге еліктеп солардың күйін кешуде (мяулайды, үреді, ұлиды). Тіпті, тамағын жейді. Шетелдерде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеген, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша, адамдар адамшылдыққа емес, нағыз айуандыққа ...
Толығырақ »Мемлекеттік тілді мазақ еткен Черчесовке айыппұл салынды
Жақында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсіте сөйлегені жазылған бейнематериал әлеуметтік желіде тарады. Қоғамды дүр сілкіндірген бейнежазбадан соң Туризм және спорт министрлігі осы жағдайға байланысты федерациясына ресми хат жолданғанын мәлімдеген болатын. Министрліктің хабарлауынша, хатта Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі міндетті екені ...
Толығырақ »ЖЕТІСУДА «МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында сараптамалық талқылау отырысының ресми ашылуы өтті. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн қатысып, республика бойынша жобаның табысты жүзеге асып жатқанын атап өтті. «Қазіргі таңда «Мамандығым – болашағым» жобасы еліміздің 9 өңірінде жүзеге асырылуда. Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары және Астана, Алматы қалалары өңірлік кадрларға қажеттілік картасын әзірлеуді ...
Толығырақ »Жастар арасында жаға ұстатар жайттар азаяр емес
Бүгінде жастар арасында келеңсіз дағдайлар, соның ішінде агрессия, буллинг, вандализм, суицид, әлімжеттілік, ерте жүктілік сияқты жаға ұстатар жайттар азаймай тұр. Осы мәселені көтерген бір топ Сенат депутаттары Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына хат жолдады. – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, балалар арасында күн сайын 5 қылмыс жасалады екен. Бас Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биылғы тоғыз айдың көрсеткіші бойынша кәмелетке ...
Толығырақ »2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді
Қазақстан 2026 жылғы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді. Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі. «Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы