Волонтер Перизат Қайраттың элиталық үйлері мен қымбат заттары тәркіленді, деп хабарлайды Jastar janary порталы atamekenbusiness телеграм арнасына сілтеме жасап.
Атап айтқанда оның Астана қаласындағы Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, Көк Жайлау (тұрақ орындарын қоса алғанда), Sensata Plaza ТК, Vela Village коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдеріне сот санкция салды.
Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, оның бәрі «қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған». Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды.
Еске салайық, Перизат Қайрат 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram