Басты бет » Жаңалықтар (страница 75)

Жаңалықтар

«Almaty Hostel»-дегі өрт: Хостелмен оқу орындары арасында келісімшарт жоқ

«Almaty Hostel» хостеліндегі өртке қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігі пікір білдіріп, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Осы оқиғаға байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының жоғары оқу орындары аталған хостелмен студенттерді орналастыруға келісімшарт жасаспағанын хабарлады. — Студенттерді көрсетілген хостелге орналастыру жүргізілген жоқ. Біздің мәліметтеріміз бойынша, бұл хостелдің тұрғындары жеке жалдау компаниясымен ынтымақтастық арқылы өз бетінше келісімшарттар ...

Толығырақ »

«Ұлар» әдеби клубы құрылды

Ұлытау облысында жас ақын-жазушылардың бастамасымен құрылған әдеби клубтың ашылуы алдымен Жаңаарқа ауданында бастау алды. С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхананың оқу залында «Ұлар» әдеби клубының тұсауы кесіліп, «Жайлауы жас қаламның – албырт сезім» атты поэзия кеші өтті. Ары қарай жас таланттардың бас қосуы Қаражал қалалық орталық кітапханасында жалғасын тауып, поэзия кеші ұйымдастырылды. Әдебиетке құштар жастарды өз қатарына қосуды көздеген әдеби клуб мүшелері ...

Толығырақ »

Мүсірепов театрында Дулат Исабековтің «Әпке» спектаклі сахналанады

29-30 қарашада Алматыды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – отбасы құндылықтарын дәріптейтін «ӘПКЕ» спектаклінің премьерасын көрермен назарына ұсынады. Дулат Исабековтің «Әпке» драмасы – ұлттық өнердің алтын қорына енетін ерекше шығарма. Өмірге құштар Қамажайдың ошақтай отбасының ішінде болып жатқан мәселелер – қоғамның алып дерті іспеттес. Биыл, еліміздің драматургиясының биік шоқтығы саналатын «Әпке» пьесасының дүниеге келгеніне – 46 жыл. Аталмыш шығарма ...

Толығырақ »

«Қауіпсіз қоғам»: Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп – ортақ мақсат

Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализммен күрес. Осындай мақсатпен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, «AMANAT» партиясының мүшелері, Ішкі істер министрлігінің және өңірлердегі полиция департаменттерінің қызметкерлері «Қауіпсіз қоғам» деп аталатын қоғамдық ауқымды науқан бастады. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі. «Ел тұрғындары мен қонақтары ...

Толығырақ »

Елордада «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасы басталды

Балалардың құқықтарын қорғауда мектептер мен жоғары оқу орындары бірікті: Елордада «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасы басталды.  Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру туралы екіжақты келісімге қол қойды. Бірлескен құжат балалардың құқықтарын қорғауға және балаларға қатысты жобаларды тиімді басқаруға, мектеп оқушыларының қолайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Оқу-ағарту министрі ...

Толығырақ »

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Нигерия іске күдікті адамды бермей отыр

2014 жылы есірткі тасымалдады деп Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты тергеу ісінде өзгеріс жоқ. Отандасымызға зат тасымалдасын деп ақша ұсынған нигериялық азамат Қазақстанға экстрадицияланбай жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бас прокуратура Тұрлыбайға киім деп есірткі беріп жіберген адамның Нигерияда қамауға алынғанына бір жарым жылға жуық уақыт өткенін мәлімдеді. Оны Алматы полициясы тергеп жатыр. “Нигерия азаматы ...

Толығырақ »

ЕЛІМІЗДІҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТАМАҚ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Білім беру ұйымдарына жеткізілгенге дейін барлық өнімдердің санитарлық қорытындылары болуы керек, ал азық-түліктердің жәй-күйін бракераждық комиссиялар бақылай алады. Комиссия құрамына ата-аналар мен қамқоршылық кеңес, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері кіреді. Бүгінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану стандарттарын қайта қарады. Өңірлерде шығарылатын отандық өнімдерді пайдалана отырып, ас мәзірін әзірлеуге қатысты қағида енгізілді. ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК АДАМЫ: ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ СТУДЕНТТЕРІ WORLDSKILLS KAZAKHSTAN АЛАҢЫНДА ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН КӨРСЕТУДЕ

Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан WorldSkills Kazakhstan республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында 500-ден астам колледж студенттері бақ сынасуда. Қатысушылардың жарыс алаңдарын Премьер-Министрдің орынбасары,  Оқу-ағарту министрі, Ғылым және жоғары білім министрі аралап көрді. Вице-премьер Тамара Дүйсенованың айтуынша, елде жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары, осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім берудің де маңызы артып келеді. «Қазір елімізде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты ұлттық баяндама ...

Толығырақ »

Ертең Алматыда «Хайуандар әлеміне» «ЖОҚ» де!» атты акциясы өтеді

26 қарашада Алматы қаласында «Хайуандар әлеміне» «ЖОҚ» де!» атты акциясы өтеді. Зорлық-зомбылыққа карсы басталған акцияны «Жаңа адамдар” қозғалысы ұйымдастырғалы отыр. zhana.adamdar  инстаграм парақшасында аталған акция туралы жазба жариялаған қозғалыс белсенділері: – Адамдар күні бойы бір-бірін ұрып-соғып жүргенде, Әділетті Қазақстанды қалай құруға болады?Әлсіз кез келген жерде «ЖОҚ» дегені үшін таяқ жейді.Біз әлі де «хайуандар әлемінің заңдары» бойынша өмір сүрудеміз. Бұл бәріне ...

Толығырақ »

Жас кәсіпкер мақта өңдеу ісін бастады

Ауылда да кәсіпті гүлдендіруге болады. Мемлекеттік бағдар­ламалардың басты бағыты осы төңіректі дамытуға негізделген. Сырдариялық жас кәсіпкер Гүлзат Құдайбергенқызы ізденім­паздығының арқасында «Өрлеу» жастар сыйлығын жеңіп алды. Жалынды жас бүгінгі кәсіпке жаңа көзқарас пен еңбекқорлық керек екенін айтады. «Кез келген кәсіпті ауылда, ел ішінде дамытуға мүмкіндік мол. Ол үшін еңбектену керек, іздену керек. Шаршадым демеңіз. Елде жоқ нәрсені жасауға ұмтылыңыз. Халықтың қажетіне ...

Толығырақ »