Басты бет » Жаңалықтар (страница 4)

Жаңалықтар

ҚОС БОКСШЫМЫЗ АЗИАДА АЛТЫНЫН ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ

Бүгін алғаш болып Азия ойындарының финалында атой салған отандасымыз Төрехан Сабырхан, кейін команда капитаны Айбек Оралбай алтын еншілеп қазақстандық бокс жанкүйерлерін қуантты. Сабырхан Қазақстан боксының Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы алтынын иеленіп отыр, деп хабарлайды Jastar janary. Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы финалда Иордания өкілі Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Отандасымыз қарсыласын 5:0 ...

Толығырақ »

Жолдағы қауіпті әрекет: Астанада той кортежінің қатысушылары қамауға алынды

Сурет: видеодан скриншот Астанада полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежін анықтады. Тексеру барысында бес автокөлік анықталып, жүргізушілеріне апаттық жағдай туғызу, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Барлық көлік құралы коммуналдық мамандандырылған тұраққа қойылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қозғалыс кезінде көліктен денелерін шығарып, шу көтеріп, жол қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтірген 21 жастағы ...

Толығырақ »

Әлемдегі ең тар автокөлік Гиннес рекордтар кітабына енді

Италиялық механик Андреа Марацци 1993 жылғы Fiat Panda-ны негізге алып, жол жүруге жарамды ең тар автокөлікті құрастырды. Ені — бар болғаны 50,2 см, яғни әдеттегі велосипедтен екі есе тар, чемоданнан да жіңішке. Guinness рекордтар кітабы бұл рекордты 2026 жылдың қыркүйегінде ресми түрде растады, ал көлік 2027 жылғы жаңа басылымға енді. «Flat Fiat» деп аталған жобаны механик отбасылық автобөлшектеуде жасаған — ...

Толығырақ »

Бір мектептің сегіз түлегі Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде Қазығұрт ауданы Көкібел ауылындағы Сабыр Рахымов атындағы орта мектептің сегіз түлегі Отан алдындағы борышын өтеп жүр, – деп хабарлайды Jastar janary Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Фото: gov.kz Бір кездері олар мектеп қабырғасында бір партада отырып, білім алды. Мектеп бітірген соң әрқайсысы өз жолын таңдады. Бірі «Байланысты бақылау» мамандығы бойынша колледж тәмамдаса, енді бірі ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТЫҚ 4 ЖАСАР БҮЛДІРШІН 195 ЕЛДІҢ ТУЫН ЖАТҚА БІЛЕДІ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Бостандық ауылында тұратын кішкентай Афшона Абдикаримова географияға деген ерекше қызығушылығымен көпшілікті таңғалдыруда, деп жазды Jastar janary. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Афшонаның географияға деген қызығушылығы 3 жасынан басталған. Үйдегі әлемнің саяси картасын қызыға зерттеген бүлдіршін алдымен картада бейнеленген мемлекеттердің туларына назар аударған. Бауырларымен бірге елдердің тулары мен атауларын үйренуге қызығушылық танытып, қысқа уақыт ішінде алғашқы ...

Толығырақ »

Жатақханадағы заңсыз ақша: Астанада комендант сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында университеттер біріндегі жатақхана комендантына қатысты үкім шықты. Әйел Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Jastar janary Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап. Сурет: ЖИ Сот жатақхана коменданты бес жыл бойы ешқандай негіз болмағанына қарамастан, ЖОО басшылығының тапсырмасы екенін айтып, студенттер мен қызметкерлерден ай сайын 14 300 теңгеден жинап келгенін анықтады. Осылайша, ол ...

Толығырақ »

АЗИАДА-2026: Аяқкиім дауы спортшыны алтыннан айырды

27 қыркүйекте қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындарындағы спорттық жүріс жарысында Қытай спортшыларын басып озып, мәреге бірінші болып жетті, деп жазды Jastar janary olympic.kz-ке сілтеме жасап. Сурет: olympic.kz Жарыс аяқталғаннан кейін World Athletics ережелеріне сәйкес әйелдер мен ерлер арасында жүлделі орындарға ие болған үш спортшының аяқкиімі міндетті тексеруден өтті. Тексеру барысында техникалық делегаттар Қазақстан өкілі Ясмина Тоқсанбаева пайдаланған аяқкиім ...

Толығырақ »

Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады. Президент  тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. – Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: Әскерді түбегейлі реформалауды іске асыратын уақыт келді

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Жиын Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. – Мен қаза болған әрбір әскери қызметшінің ата-анасына көңіл айтып, арнайы жеделхатымды жолдадым. Қайтыс ...

Толығырақ »

ИТАЛИЯДА 10 ЖАСАР ҚАЗАҚ БАЛАСЫ AÑSA Foundation СТИПЕНДИАТЫ АТАНДЫ

Әлен Басен. Фото © Tengrinews.kz Ален Басен виолончельді алғаш рет бес жасында қолына алған. Қазір он жастағы музыкант халықаралық байқауларда өнер көрсетіп, бірнеше ірі марапатты иеленіп үлгерді. 23 қыркүйекте оған поляк шебері Войцех Топаның кәсіби виолончелі мен AÑSA Foundation қорының атаулы стипендиясы табыс етілді. Tengrinews.kz тілшісі Аленмен, оның анасымен және тәлімгерімен музыка, байқаулар және жас музыканттың арманы туралы әңгімелесті, деп ...

Толығырақ »