Бір адам көшеден ақша толы әмиән тауып алады. Сол кезде оның отбасы қаражаттан қатты қиналып, тұрмыста тарығып отырған еді. Алайда ол тапқан олжасына бір қарағаны болмаса, ішіндегісіне саусағының ұшын да тигізбейді. Әмиәнді қалтасына салып қояды. Үйіне келсе, сол қара су мен қара наннан өзге талғажау қыларлық дәнеңе жоқ. Ол тапқан олжасын ойлап, бірер ақшасын алса қайтер еді деп қиналады, алайда ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Төрегелді ШАРМАНОВ: «Сол бір ғана сәт менің өмірім мен тағдырымды түгелдей игеріп әкетті»
Төрегелді Шарманов, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының президенті: Қарағанды медицина институтында 2-ші курста оқып жүрген кезім. Кітап дүңгіршегінде кезекте тұр едім, алдымдағы қос бұрымын арқасына жіберген қыз маған жалт қарағанда жүрегімді тіліп өткендей. Міне, сол бір ғана сәт менің өмірім мен тағдырымды түгелдей игеріп әкетті. Есіл-дертім кетіп ғашық болдым. Күлзиям бізде 1-ші курста оқыды. Орыс мектебін бітірген, ал ...
Толығырақ »Қазақ үшін «жеті» саны неге қасиетті?
Жеті қазына: Ер жігіт Сұлу әйел Ақыл, білім Жүйрік ат Қыран бүркіт Берен мылтық Жүйрік тазы. Жеті жетекші: Адамның басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап. Жолаушысы – ой. Жолдасы –кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/. Жеті ғашық: Ләйлі – Мәжнүн Фархад – Шырын Таһир – Зуһра Арзу – Қамбар Уәлік – Ғарра Уәки – ...
Толығырақ »«АПА-АУ, АУЫЛҒА БАРҒЫМ КЕЛІП ЖҮР»
Балғаным мен әжесі бүгін де түн ортасы ауғанға дейін күбір-күбір әңгімелесіп, кірпік ілмеді. Әсіресе тәлім-тәрбие, ұлттық құндылық хақында қарт ана әңгімені әріден қозғайды. Күн сайын қаузайтын тақырыптары да түгесілмейді. Әжесі жыр қылып айтудан, Балғаным ұйып тыңдаудан жалыққан емес, әсте. – Бәкөн-әй, қызым, ояумысың, – деген Сымбат әже, оның «ояумын» деген үнін құлағы шалса болғаны, ақыл-кеңесін айта жөнеледі. – Әмәнда қыз ...
Толығырақ »«Жастарға кеңес» жастарға жол сілтейді
Жастар бастамаларын қолдауға арналған бағдарламалардың тиімділігі қандай? Баспана сатып алудың қай әдісі тиімді және қайда тегін оқуға болады? Қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен кеңес берудің мақсаты — жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру. *Жүйелі жүзеге асқан «Жастарға кеңес» жобасында:*»Жасыл ел» бағдарламасы,*Тұрғын үй бағдарламалары,*Волонтерлік ...
Толығырақ »ҚОЙШЫ МЕН АЛМА АҒАШЫ
(Өсиет әңгімелерден) Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: — Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой, — дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, ...
Толығырақ »Қайырымдылық – ізгі іс
Қайырымдылық – ізгі іс. Осы нақыл сөзді әркез жанына жақын тұтатын тәртіп сақшылары бұл жолы да бір отбасына қолдап, көмек көрсетіп, волонтерларды тарту арқылы қайырымды іс жасады. Орал қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Динара Темирова өзінің қызмет көрсететін 18 әкімшілік аймағындағы тұрмысы төмен, 4 баласы бар бір отбасын анықтады. «Ескі аэропорт» ауданындағы отбасының ...
Толығырақ »Данияда тұратын қазақ қызы Dragon әскери атағын алды
Ләйла Аюби Данияда тұрады. Ұлты – қазақ. Хольстебро қаласындағы «Ютландия айдаһар полкінің» курсант-сарбазы. Даниядағы әскери адамдарға берілетін «Айдаһар» атағын алған жас маман. Бала күнімнен әскери әлем қызықтырады. Көп кино көремін. Өскенде әскери адам боламын деп армандадым. Қыздар да әскери мамандықты игере алатынын естіп, бірден шешім қабылдадым. Менің таңдауыма ешкім қарсы болмады. Әскерден қашатын ұлдарды естігенде таңғалдым. Бірнеше жылдан бері тұрақты физикалық ...
Толығырақ »Ерлі-зайыпты сақшылар
Бір отбасының мүшелері уақытпен санаспай полиция қызметінің ыссы-суығына төзіп, серттеріне адалдық танытып жүр. Таңмен таласа қызметтеріне келіп, бірге кеш қайтса да олар еш мойыған емес. Мамандықтың мерейін асқақтатып жүрген отбасылар қызметтің ауыртпалығын түсінеді. Басшылар тарапынан жүктелген міндеттерді сапалы әрі мінсіз шектеулі мерзімінде атқарады. 23 маусым — Қазақстан полициясы күні және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңында үлгілі, жас отбасылар туралы ...
Толығырақ »Болатбектің қолынан шыққан ғажайып мүсіндер
Мүсіндеу өнері – өзіндік қыр-сыры көп аса бір күрделі өнер. Оған епілік пен күш-жігермен қатар, ерекше қабілет пен ептілік қажет. Бала күнінен мүсін жасауға қызығушылық танытып, бүгінде осы бір ерекше өнердің хас шеберіне айналған Болатбек Салаевтың қолынан шыққан мүсіндер көпті таң қалдырып жүр. Көптеген мүсіндердің авторы, жас шебер Болатбек Салаев Маңғыстау өңірінің тумасы. Ол мүсін өнеріне деген қызығушылығы туралы былай ...
Толығырақ »