Әлеуметтік желі аталған әншінің концертінен түрлі бейнежазбалар тарады. Олардың бірінде қазақстандықтардың өте ерсі іс-әрекеті көрініс тапқан. Бейнематериалдардан рэпердің жанкүйерлері Smack That хит әнін орындау кезінде сахнаға іш киімді лақтырғанын көруге болады.
Фото: stan.kz
Желі қолданушыларын ашуландырған қыздардың бұл әрекетін қолдағандар да болды. Алайда қазақ аудиториясының басым көпшілігі қыздардың бұл әрекетін айыптап, қабылдай алмады.
Осы мәселені көтерген Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алды. Мәжіліс депутаты Қазақстанға келетін шетелдік әншілерге талап қою керегін айтып, Үкіметке сауал жолдады.
Фото: malim.kz
Айтуынша, жастарымыз TikTok пен Instagram-ның тұтқынына айналып, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап барады.
«Күні кеше ғана Астанада өткен Akon-ның концертінде жанкүйер жастар төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Ал ұйымдастырушылардың әншіні ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағандары тіптен орынсыз деп санаймын. Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы — қасиетті домбыраны әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие «Smack that», «hypnotiser» сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын», — деді депутат.