Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес жұмысын қорытындылап, елімізде биыл жастар саясатында жүзеге асқан іс-шара мен келер жылғы басымдықтарды айтты.
ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындады. Биыл осы құжатты жүзеге асыру барысында жас азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашатын маңызды бастама қолға алынды: жалпы сомасы 26 миллиард теңгені құрайтын 5,6 мың бизнес жобалары үшін 2,5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі.
«Келесі жылы жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын-үй бағдарламасын қолға алу жоспарда тұр. Кеңестің тікелей қатысуымен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Енді Жоспардың орындалуы осы құрылымның тұрақты бақылауында болады», — деді Ерлан Қарин.