Басты бет » Жаңалықтар » М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҮНДІСТАНДАҒЫ MAHATMI GANDHI УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ КЕЛДІ

М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҮНДІСТАНДАҒЫ MAHATMI GANDHI УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ КЕЛДІ

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің басқарма Төрағасы-ректор Д.Қожамжарова Үндістаннан келген Mahatmi Gandhi университетінің ректоры, қоршаған орта ғылымдары жоғарғы мектебінің профессоры C.Аравиданкумармен кездесті.

Мәртебелі мейманмен жүздесу барысында екі жақты ғылымды дамыту, жоғары білім саласындағы өзара қарым-қатынас мәселелері сөз болды.  Махатма Ганди университеті – Үндістандағы мемлекеттік коммерциялық емес ордаларының бірі. Аталған білім ордасы Үндістанның Коттаям қаласында орналасқан.

 Университет – MG Univer Үндістанның Коттаям қаласында орналасқан. Университет елдегі ең жас университеттердің бірі. MG Rover Commonwealth Universities Association (ACCA), Canadian Universities Association (AIU), Medical Council of India (MCI), Distance Education Council (DEC) компанияларымен белсенді ынтымақтастықта.

Сонымен қатар университетте 360 мыңнан астам студент білім алады. Үндістанның бұл жоғары оқу орны қазіргі таңда ғылыми-зерттеу мәртебесіне ие. Бұл білім ордасы қолданбалы және функционалды зерттеулермен айналысады. Атап айтқанда, химия технология, биотехнология, биология, микробиология салалары бойынша іргелі зерттеулер жүргізуде.

Кездесу соңында М.Ганди университетімен жас ғалымдардың зерттеулерін одан әрі жандандыру, жоғары білім беруді дамыту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді жүргізудің аясын кеңейту бойынша ортақ келісімдер жасалды.