Облысымызда басталған «Жақсылық жаса» жастар марафонын Ақжайық ауданында күні кеше некесі қиылған Амангелдиевтер отбасы ерекше қайырымды іспен қолдады. Жас жұбайлар Тынымгерей мен Малика қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, ел- жұртқа игі істің өнегесін көрсетті. Олар аудан орталығы Чапаевтағы көпбалалы жанұяға азық-түлік пакетін өз қолымен жеткізіп, қаржылай қолдау көрсетті. Отбасылық өмірімен шарапатты іспен бастаған жастар 9 баланы дүниеге әкеліп, өсірген отағасы ...
Толығырақ »Архив блога
Қазақ қыздары бұзылған ба? Кім кінәлі?
Бүгіннің әңгімесі Бүгінгі ер-азаматтардың айқайы, дауы, ауыз толтырып айтар әңгімесі – қыздар. «Қазақтың қыздары бұзылған. Бұрынғының қыздары жоқ! Қыздардан қылық кеткен!» деп жамандауға әуес. Ал бұған кінәлі кім? Қыздарды құртып жүрген кім? Бар кінәні қыздарға жаба салу оңай іс. Ал оның түп тамыры неде жатқанын ойламаймыз. Себебі, бас қатырып ойланғымыз келмейді. Қыз оғаш әрекетке не ...
Толығырақ »*ШӘКӘРIМ ӨСИЕТІ*
*** Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. *[ШЫНШЫЛДЫҚ]* *** Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер. *[МЕЙІРБАНДЫҚ]* *** Адамдар сенің сыртыңа қарайды, Жаратушың ішіңмен, жан дүниеңмен бағалайды. Пенделер үшін сыртыңды ғана əдемілеумен əуре боп, ішкі əлеміңді ұмыт қалдырып, ластап алма. *[ТАҚУАЛЫҚ]* *** Ауру тек денеде ...
Толығырақ »Болашақ дәрігер Аида Дебреценде оқып жүр
«Мен жастарға: Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер дер едім». Заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов осылай айтқан еді. Таудай талапқа біліммен ұмтылып қанаттары талмай талпынып жүрген жастардың бірі – Аида Зейнуллина. Кіндік қаны Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 1999 жылдың ақпан айында тамған. Ата-анасының тұңғыш қызы. Шаһардағы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының табалдырығын аттаған ...
Толығырақ »ДОС КӨШІМ: «ОРЫСТІЛДІЛЕРГЕ ТІЛ ҮЙРЕТУДІҢ МЫНАДАЙ ЖОЛЫ БАР…»
90-жылдардың басында Латвия, Литва және Эстония мемлекеттеріндегі орыстілді тұрғындар жергілікті халықтың тілін – мемлекеттік статус алған тілді – мойындамай, Кеңес өкіметі кезіндегідей, басқалардың орыс тілінде сөйлеуін талап етуін тоқтатпады. Мемлекеттік тілді білуді, үйренуді керек етпеді. Бұл елдерде де біздердегі сияқты, алғашқы кезеңде «бұл – сенің мемлекетіңнің тілі, оны білу, қолдану – сенің парызың» деген сияқты ақыл-кеңестер, жұмсақтап айтулар ...
Толығырақ »ҰЛТСЫЗДАНДЫРУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
(Мақала белгілі дипломат, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Сайлау Батырша-ұлы мен журналист Мұрат Алмасбекұлының «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» кітабынан) М. Алмасбекұлы: Халықтың өткен тарихын, бүгіні мен болашағын ойлау – кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымы. Оның алдына қойған биік мақсаттары – мемлекеттің тұтастығы, тәуелсіздіктің баянды болуы, халықтың бірлігі және ұлттың сақталуы үшін әлі де күресіп келеді. С. Батыршаұлы: Патшалық Ресей уақытында ағарту министрлігінің «Об образовании ...
Толығырақ »Қапияда қиылған қызғалдақ ғұмырлар
(Болған оқиға желісімен) Жанасыл сабақтан қолы босай сала, ән салуды әдетке айналдыратын. Бүгін де өзінің бөлмесіне кіріп, айнаға қарап ән шырқап тұр… …Өмір, өмір заңы қатал. Күнін батып, таңын атар… Иә, сыңғырлаған әсем үндер үй ішінде жаңғырып жатыр. Бір кезде анасының көйлегін киген ол жадыраңқы жүзбен әжесіне келіп: – Әже, білесіз бе? Мен өскенде жұлдыз боламын. Үлкееенн сахналарға шығып, ән ...
Толығырақ »Көргенде көңіл құлазып, Спорт мектебі тұр азып…
Әңгімеміздің әлқиссасын, мәселеміздің мәнісін жазбас бұрын мекеменің тарихына, жеткен жетістігіне тоқталайық. Жалпы, Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 1978 жылы 18 қыркүйек күні құрылған. 2003 жылы бұрын наубайхана болған аумағы ауқымды ғимарат қайта жасақталып, мектептің еншісіне берілген екен. Сол жылдан 2015 жылға дейін аталмыш ғимарат облыстық спорт басқармасының меншігінде болған болса, қазіргі ауданымыздың меншігіне берілген. Мектепті әр жылдары Сансызбай Мырзашев, одан ...
Толығырақ »Жадыра Шамұратова. Серіктің батпырауығы
(новелла) Жаңа жылдық мерекенің абыр-сабыры басылып, ана жер, мына жерден тұтанған от шашу да таусылып, су жүретін тұрбалар да, терезелерді естілер-естілмес қып ұрған жел де, пәтерлердегі ауа айдағыштардың гуілі де, шатырлардың шиқылы да әлдеқайда жоғалып, көпқабатты үйлер түнгі кеңістікте баурап алар сиқырлы ертегіге құлақ қойғандай бірауық тынып қалған. Бірнеше күн бойы құрсаулаған аяздан кейін ауа сәл бусанғандай болып, көз жетер ...
Толығырақ »«ROMEO & JULIET» АЛҒАШ РЕТ ҚУЫРШАҚТАР БЕЙНЕСІНДЕ
Махаббат бар жерде машақатқа да орын табылады. Әулет пен тобырдың кесірінен қаншама махаббатқа толы тағдырлар құрбан болды. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан адамзаттық ахуал. Ағылшынның ұлы драматургі, ақын Уильям Шекспирдің әйгілі «РОМЕО мен ДЖУЛЬЕТТА» оқиғасын суреттейтін трагедиясы елімізде алғаш рет қуыршақтар бейнесінде 84 жылдық тарихы бар Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында ағымдағы жылдың 24-25 қаңтар күндері аралығында көрерменге ...
Толығырақ »