Басты бет » Жаңалықтар » Димаш «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде өнер көрсетті

Димаш «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде өнер көрсетті

11 шілдеде Қазақстанның Алтай тауларының етегінде «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі халықаралық гала-концертпен аяқталды. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды.

Катонқарағай ауылының үлкен сахнасында өткен бұл кеште түркі халықтарының сан ғасырлық тарихы заманауи мәдениетпен үйлесімді үндестік тапты.

Қазақстанның Халық әртісі, өзіндік музыкалық жобаларымен танылған Димаш Құдайберген бір концерттік бағдарлама аясында әртүрлі стильдер, жанрлар мен тілдердегі бірнеше туындыларды шебер түрде тоғыстырды.

Бұл кеште «Olimpico» мен «Ave Maria» шығармаларының неоклассикалық әуені «Golden», «Smoke» және «Weekend» композициялары ерекше үйлесім тапса, ал “Люблвь уставших лебедей»,, «Ұмытылмас күн», «Махаббат бер маған» әндері мен Димаштың авторлық «Самал» шығармасы (Нұржас Садырбаевтың орындауында) адам жанының сан қырлы сезімдерін әсерлі әуенмен өрнектеді.
Димаш пен оның аспапшылар, бишілер және вокалистерден құралған шығармашылық ұжымы фестивальге келген қонақтарға қазақ халқының ұлттық болмысын, рухани кеңдігі иен музыкалық мұрасының байлығын кеңінен таныстырды. Фестивальге әлемнің 30-ға жуық елінен делегациялар қатысса, Димаштың жанкүйерлері Индонезия, Өзбекстан, Әзербайжан, Чехия, Германия, Франция, Польша және басқа да мемлекеттерден арнайы келді.

Осы кеште алғаш рет сахнада қазақтың халық әні «Aqerke» заманауи өңдеуде орындалып, көрерменге жол тартты.

Фотосуреттер: dimashnews.com