Басты бет » Жаңалықтар » ҚОЖАДАН АУМАЙДЫ (видео)

ҚОЖАДАН АУМАЙДЫ (видео)

Тура 60 жыл бұрын 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Менің атым Қожа» фильмін экранға шығарды. 

 

Әр адам үшін балалық шағының естелігіндей болған көпшіліктің сүйікті фильмі әлі күнге экраннан түспей келеді. Кейіпкерлері де әркез ел жадында.

Күні кеше желіде аталған киноның бас кейіпкері Қожабергенге қатты ұқсайтын баланың видеосы тарады. Көпшілік видеодағы баланы көріп таңданыстарын жасыра алар емес.

Бірі: «Айнымай қалған екен филімнің бас кейіпкерінен» десе, бірі «Ұқсайды. Осы баланы фильмге алса болады. Қолдау керек», «Отырысы, қарағанының өзі жүз пайыз Қожа ғой. Қожаның киносын көргендей болдым ғой кішкене көріністің өзінде» деп таңғалысып жатыр.

Расымен де, қара торы баланың даладағы отырысы, басында кепка, тек түрі ғана емес, мінезі, күлкісі де айнымайды. Жаңа кино түсірілсе дайын тұрған актер.