Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 163)

Архив блога

Шәкірттер халықаралық олимпиададан табыспен оралды

Ұлттық құрама химиядан халықаралық олимпиадада (IChO-2022) 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.  Жарыс Тяньцзинь қаласында (Қытай) өткен. Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Ақтау қалаларынан 4 оқушы қатысты. Олар әлемнің 83 елінен келген 322 оқушымен бақ сынасты. Осылайша, 4 оқушымыз да беделді олимпиаданың жеңімпазы атанды. Ұлттық құрамаға 2017 жылдан бергі ...

Толығырақ »

Қазақстан халқының үштен бірінің тапқан табысы тамақ пен киімге ғана жетеді

 «JD EXPERT» Маркетингтік шешімдер мен зерттеулер агенттігі Қазақстанның 14 ірі қаласында тұрғындар арасында «Азық-түлік бағасының өсуі қазақстандықтардың өмір сүру сапасына қаншалықты әсер етті?» тақырыбында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізді. Сурет: https://zhaikpress.kz/ Респонденттердің басым көпшілігінде (44%) отбасы 3-4 адамнан тұрады, көбінде кәмелетке толмаған екі бала бар. Сонымен бірге респонденттердің 72%-ы отбасындағы табысының төмен немесе тұрақты төмен деңгейде екенін атап өтті: респонденттердің 36%-ы ...

Толығырақ »

«Qazaqstan дауысы. Балалар-2022» жеңімпазы – Ерсұлтан Омар

«Балалар жылы» аясында еліміздің дарынды балаларын бүкіл әлемге танытуды мақсат еткен жобаға 7 жастан 14 жасқа дейінгі 4400 баладан өтінім келді. Оның ішінен «Көрмей таңдау» кезеңіне 120 бала іріктеліп алынды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттардың басын қосқан жобаға Ресей, Грузия елдерінен де үміткерлер қатысты. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Илхам Ибрагим құттықтап, жеңімпаздың атын атады. «Бұл таңдау – халықтың таңдауы. Қазақстандықтар тікелей ...

Толығырақ »

«Витебск-2022» балалар байқауында Әлинұр Хамзин екінші орын иеленді

Беларусь Республикасының Витебск қаласында Славян базары XXXI халықаралық өнер фестивалінің «Витебск-2022» балалар байқауында Әлинұр Хамзин жүлделі екінші орын иеленді.  Конкурста Алинұр Хамзин Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнін орындап, қазылар алқасы жерлесіміздің өнеріне ең жоғарғы – 70 ұпай берді. Ал екінші күнгі додада Уильям «Смоки» Робинсонның «Who’sLovin’You» әнін шырқап, 68 ұпай еншіледі. Сөйтіп, жас талант 138 ұпай жинап, лауреат атанып, ...

Толығырақ »

Жаңа жұмыс орындарын ашу қажет – Президент

Халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. «Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар. Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық Банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ...

Толығырақ »

Мағжан “Zagreb Grand Prix-2022” турнирінің алтын жүлдегері

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин “Zagreb Grand Prix-2022” турнирінде алтын жүлдегер атанды. Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан Grand Frix жарысы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ 60кг салмақта біздің жас спортшы Мағжан Шамшадин жеңіс тұғырынан көрініп, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды. Ол финалда әлем чемпионатынында 2 қола еншілеген, Азия ойындары, Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген Кореяның тәжірибелі балуаны Ким Вон Жинді ұтты. Мағжан ...

Толығырақ »

Үш баланың өміріне араша түскен Андрей

13 шілдеде болған оқиға. Павлодар облысының Приреченск ауылы жанынан ағатын Ертіс өзені жағасында, 33 жастағы Андрей Карандашов балық аулап жүріп, өзенде ағып келе жатқан балаларды көреді. «Қармақты балық тістемегесін, мен үйге жиналып жатыр едім. Қармақтарды бүктеп жатқанда, жағадан он метрдей жерде суда екі баланы көрдім. Мен оларға дауыстап едім, олар жауап бермеді. Екінші рет айқайладым— үнсіздік. Сол кезде балалардың су ...

Толығырақ »

«Qazaqstan дауысы. Балалар». Бүгін финал

Бүгін «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының жеңімпазын халық дауыс беру арқылы тікелей эфирде анықтайды. Бұған дейін «Көрмей таңдау», «Жекпе-жек», «Тікелей эфир», «Жартылай финал» кезеңдерінен суырылып шыққан 4 үміткер енді «Финалда» бақ сынайды. Олар: алматылық Шерхан Арыстанұлы және Азат Сүндетбек, Батыс Қазақстан облысынан Айзат Айдосұлы, Нұр-Сұлтан қаласынан Ерсұлтан Омар. Бұл жолы үздіктердің үздігін халық www.qazaqstan.tv сайтында дауыс беру арқылы таңдайды. «Балалар жылы» ...

Толығырақ »

«7-20-25»-тің орнына жаңа бағдарлама бастау ұсынылды

Үкімет екінші деңгейлі банктердің коммерциялық ипотекасының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауы мүмкін. Шамамен, 7 пайызы мемлекет есебінен субсидияланады. Алушыларға қанша пайыз болатыны айтылмады. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылады: ✅️ бастапқы жарна 20 пайыздан бастап; ✅️ кредит беру мерзімі 20 жылға дейін; ✅️ қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеге дейін; ✅️ төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау. Дереккөз: atamekenbusiness

Толығырақ »

Оқушылар математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадада үздік шықты

Оқушыларымыз математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл — еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші. IMO – әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне төлемдер белгілеп, оқушыларға ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына түсуге ...

Толығырақ »