100 оқушылар автобусы қаладағы 30 мектепке күніне 8258 оқушыны апарып, алып келеді. Бұл Қазақстандағы осы бағыттағы алғашқы ауқымды жоба. «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылды. 21 және 40 орындық автобустар кішкентай және мектептен шалғай тұратын 1-11 сынып оқушыларын тасымалдайды. Мектеп автобустары барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен техникалық талаптарға сәйкес келеді. «Мектеп автобусы» жобасының екінші ...
Толығырақ »Архив блога
Жоғалған қолшатырлар
Айна жиырма жасында қалыңдық болу бақытын, жігіт сезімін білдірер ғажайып сәтті өз қиялында елестетуден жалықпайтын. Міне, көз талатын жерге дейін көлбей созылып шалқыған теңіздің жағасын ірілі-ұсақты толқын ұрып, бір шетте жақпар-жартастары арса-арса болып биік тау төне қарап, Айна болса асыл матадан тіккен ақ көйлегінің шілтерлі етегі желбіреп, таңсәріде шық түсіп үлгерген көк шалғынды кешіп келе жатар еді. Әлдеқайдан ғажап әуен ...
Толығырақ »Президент Республикалық олимпиадалық даярлық базасын көрді
Мемлекет басшысы Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлық базасына барды. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, бүгінде атлетикалық манеж, мұз аренасын, көпфункционалды спорт залын, көркем және спорттық гимнастика залын, әкімшілік ғимараты мен қонақ үй салу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар жүзу бассейнінің, жекпе-жек залының, спорттық атыс алаңының, трибуналары бар стадион мен садақ ататын орынның құрылысы аяқталып келеді. Президент ТМД-дағы ең ірі ...
Толығырақ »МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ 78-ШІ МАУСЫМЫН АШАДЫ
Алматылық Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөпірімдер театры жаңа маусым шымылдығын 7 қыркүйек күні балаларға арналған «Кішкентай ханзаданың оралуы» және ересектерге арналған «Құлагер» қойылымдарымен түрмек. Екі жыл қатарынан театр маусымын шілде айының соңына дейін ұзартқан өнер ордасы, биыл да алғашқылардың бірі болып маусымын ашады. Санаулы күндерден кейін көрермендерімен қауышатын театр ұжымының өнер сүйер қауымға дайындаған тосын сыйлары аз ...
Толығырақ »Президент: Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет
Мемлекет басшысы «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды. Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиынын бақылау мұнарасынан тамашалады. Әскери әдіс-тәсілдер көрсетер алдында Мемлекет басшысына генерал-майорлар Болат Жорабаев пен Алмаз Жұмакеев қорғаныс операциясы кезіндегі Арнаулы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әрекеті ...
Толығырақ »ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА БОЛУДЫҢ НЕГІЗІ БАЛА КЕЗДЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы дәстүрі бойынша Қазақстан халқына Жолдауы биыл Білім күнімен тұспа-тұс келді. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдау негізінен экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды. Президент Жолдауда жастар саясатына қатысты бірқатар мәселелерге де тоқталып, оның шешу жолын баяндады. Мемлекет басшысы: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз ...
Толығырақ »ТЕРЕКТІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Данагөй бабаларымыз: «Бір жылын ойлаған халық бидай егеді. Жүз жылын ойлаған халық ағаш отырғызады. Мың жылдығын ойлаған халық ұрпақ тәрбиелеп өсіреді» деген екен. Заманымыздың жаңа парақтарына тәуелсіз еліміздің бодандық бұғауынан босанғаннан кейінгі төл тарихымыз жазылуда. Еркіндік алғалы Қазақстанның әлемге танылып, дүниені таңдандыратын жетістіктері де жетерлік. Бұл – еркіндіктің арқасы. Дамудың жарқын жолына түскен ел тарихында білім саласының алар өз орны ...
Толығырақ »Жас бағдарламашылар үздік танылды
Мусин Бағдат Батырбекұлы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ақпан айында Спорттық бағдарламалау федерациясы құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты – халық арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және дамыту, сондай-ақ біздің олимпиадашылардың жарыстардағы нәтижелерін жақсарту. Маған Digital Nomads жастар қозғалысы ұйымының қызметі аясында маңызды қоғамдық рөлді — Федерация басшысының позициясын сеніп тапсырды. Қазір бұл мемлекет тарапынан стартаптарды қолдау ...
Толығырақ »Психологиялық тест: Суреттен бірінші не байқадыңыз?
Психологиялық тесттерді өту арқылы кей сұрақтарға жауап алуға болады. Өзіңіздің ішкі сезіміңіз туралы біліңіз. Көзіңізді жұмып, денеңізді бос ұстап, содан соң мына суретке қараңыз. Көзіңізге бірінші не түсті? Тест жауаптары: Қыздың беті Шаршап жүрсіз. Бір немесе бірнеше адам сіздің энергияңызды алып жүр. Ол жұмыстағы әріптестеріңіз немесе көршіңіз болуы мүмкін. Оларға энергияңызды құртпаңыз. Сіз – өте мейірімді адамсыз. Үнемі бәріне көмектесіп ...
Толығырақ »Құдайбергеннің естелігінен: Менің байлығым – бағаланған еңбегім
Ұлы Абай: «Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден» деген. Кейбір құрдастарым айтады: «Ой, сенен бай адам жоқ! Шұлыққа тығып жатырсың бәрін», – деп. Олай емес. Төрт бөлмелі үйге жақында ғана кірдім. «Қазақстанға еңбегі сіңген артист» атағын 1982 жылы алыппын. Оның өзінде Димаш Ахметұлының арқасында. Біздің театрдан он бір-он екі адамның атаққа ұсынылған тізімі бармай ма о кісіге. Мұқият қарап ...
Толығырақ »