Басты бет » Жаңалықтар » Алматыда 8 мыңнан аса оқушы мектепке автобуспен қатынайды

Алматыда 8 мыңнан аса оқушы мектепке автобуспен қатынайды

100 оқушылар автобусы қаладағы 30 мектепке күніне 8258 оқушыны апарып, алып келеді.

Бұл Қазақстандағы осы бағыттағы алғашқы ауқымды жоба. «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылды.

21 және 40 орындық автобустар кішкентай және мектептен шалғай тұратын 1-11 сынып оқушыларын тасымалдайды.

Мектеп автобустары барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен техникалық талаптарға сәйкес келеді.

«Мектеп автобусы» жобасының екінші кезеңін іске асыру үшін 2024 жылы қала мектептері үшін қосымша 50 автобус алынады. Сол арқылы 12 500 бала қамтылады.

Балаларды отырғызу және түсіру үшін арнайы аялдамалар да бар. Сол бағыт бойынша оқушылармен бірге арнайы мұғалімдер де еріп жүреді.