Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 124)

Архив блога

Жазғы сән-2016

Жаз мезгілінің көп уақытын кеңседе өткізетін болсаңыз, ауа райы ыстық кезінде жұмысқа не киетініңіз ойландыратын болар. Сән көрсетілімдерінде 2016 жылы жаз мезгіліне арнап дизайнерлер бірнеше кеңсе киімдерін ұсынды. Әрине, басты назар іскерлік көйлектерге қойылды. Себебі әйел адамның нәзіктігі мен әдемілігін көрсетуде көйлектердің орны бөлек. Ендеше, жазда сәнде болатын кеңсе көйлектеріне көз жүгіртіңіздер. Жолақ көйлектер Жолақ принтке аздап қатаңдық беру үшін ...

Толығырақ »

23 жастағы қазақ қызы әскери ұшақты басқарып жүр

          Өткен 6 шілде, Астана күнінде қазақтың ұшқыш қызы бір ерлігін Астана мерекесінің құрметіне арнады.   «Сіздерге Ұлттық ұланның 23 жастағы аға ұшқыш-штурманы Ардана Ботайды (суретте) таныстырайын. Ол Қарағанды облысында туып-өскен. Кейін отбасы Астанаға көшіп келді. Ардана 2011-жылы №2 мектеп-гимназияны бітірген соң Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. 2013-жылы Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға ...

Толығырақ »

«Боди арт» бізге қаншалықты қажет?

Заман дамуына байланысты өнердің түр-түрі өсіп, өркендеп келеді. Мәселен, сурет өнерінің бұрындары натюрморт, пейзаж, этюд, портрет деген сынды классикалық қырлары болса, қазір «3D сурет», абстракциялық стильдің жаңа бейнелері, «боди арт» сияқты мүлдем өзгеше жанрлар, сипаттар пайда болды. Мысал ретінде осылардың ішінен «боди артты» алайық. Боди арт — авангардтық өнердің бір түрі. Мұндағы негізгі нысана — адамның денесі. Түрлі бояуларды қолдана отырып, жалаңаш денеге сурет салуды көздейді. Қазір ...

Толығырақ »

«НӘН», «ЖҮДӘ», «ҚАСҚА» немесе сіз қай диалектті қолданасыз?

«Отыз тістен шыққан сөз отыз руға тарайды». Шынымен де, халық айтса қалт айтпайды. Бір ғана адамның аузынан шыққан сөз қарым-қатынас арқылы қоғамда түрліше өзгеріске еніп, алуан түрде сипат алады. Халық ауыз әдебиеті осыдан қалыптасса керек. Ауыздан-ауызға тараған сөз, мақал-мәтел, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, аңыз-әңгімелер әркімнің бір ой талқысына түсіп, қалағандарынша өңделіп, керексізі алынып, керектісі қазақилыққа салынып, бірнеше есеге әсіреленіп, түймедей зат ...

Толығырақ »

«Балға байланған мамандық» немесе құрдымға кеткен қабілет

«Ұлы бір күндік төңкерістің» уақыты да таяп қалыпты. Тыпыршыған түлектердің тақымдарын қысатын кездері келді. Қалай өтіп шығамын? Қанша балл аламын? Қайда барамын? Жан жақтан ентелеген сауалдар. Баласымен бірге ата-аналары да жандарын қоярға жер таппай әлек. «Әйтеуір бір грантқа ілігіп кетсін»,- деп грант көп бөлінетін мамандықтарды іздеп, оған қажетті 5-ші пәнді де таңдап қояды. Ол физика, химия сынды техникалық салаға керекті пәндер. Оны сіз де, біз ...

Толығырақ »

Кинетикалық өнер жайлы не білеміз?

Кинетикалық мүсін. Бұрын соңды бұндай атауды естіп көрдіңіз бе? Кинетикалық мүсін я болмаса кинетикалық өнер дегеніміз — заманауи өнер туындыларының бір түрі. Бұндағы мақсат жарық пен қозғалыстың үйлесімділігіне негізделеді. Металл, шыны әйнек, ағаш және өзге де құралдар жарық құрылғыларымен қосылып, қозғалысқа түседі. Бір кинетикалық мүсінді жасау үшін жүздеген, тіпті, ауқымды болған жағдайда мыңдаған металл я өзге де жансыз заттар қолданылуы мүмкін. Алғаш рет бұл ...

Толығырақ »

АҚШ-тың 1 долларының құпиясы неде?

Көп жағдайда біз ақшаны қалай табуға болатыны жайлы немесе оны қалай тиімді жұмсау керектігі туралы ойлаймыз. Алайда ондағы белгілерге, сыртқы дизайнға, суреттерге назар аудара бермейміз. Ал бұл дұрыс емес. Әрбір ақша бірлігінің өз құпиясы бар. Солардың ішіндегі жасырын ақпараттары өте кәсіби түрде ойластырылғаны — АҚШ доллары. Неге дейсіз бе? Мысалға, АҚШ-тың 1 долларын алайық. Былай қарасаң, қоғам қайраткерінен артық ешқандай ...

Толығырақ »

«Лондон» жайлы күлкілі ақпараттар немесе «Лондониум» туралы не білеміз?

Баршамызға мәлім, Лондон қаласы — Британ аралдарындағы ең үлкен қала әрі Ұлыбритания астанасы. Лондон десе көз алдымызға бірден Оксфорд, Бигбен сынды ғимараттары, қызыл түсті таксофондары, екі қабатты автобустары елестейтіні сөзсіз. Алайда бұдан бөлек, ғажайып қала туралы қызықты ақпараттар жетіп артылады. Мәселен, Лондон қаласы алғашқы кездері«Лондониум», «Луденуик» немесе «Луденбург» деп аталған. «Биг-Бен» анау айтқандай сағаттың аты емес, сағаттың ішіндегі қоңыраудың аты. Англияда адамдардан гөрі тауықтар көп. — Мырза, кешіріңіз, ...

Толығырақ »

Баянғали ӘЛІМЖАНОВ. Жұмбаққа толы дүние

БАЯНҒАЛИ ТАҚАНҰЛЫ ӘЛІМЖАНОВ – ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006 ж.), Қырғызстан Композиторлар одағы мен Мәдениет министрлігінің Абдылас Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты (1995 ж.). Бала күнгі жұлдыздар Шексіздіктің біледі кім мөлшерін… Қиялдадым… Жер, көкті, Күнді өлшедім, Жете алмадым түбіне Бар сезгенім Шексіз ғалам, ...

Толығырақ »