Жуырда Македония астанасы Скопье қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында халықаралық ән байқауы өткен болатын. Ән додасына Қазақ елінің атынан барған батысқазақстандық жас әнші жүлделі екінші орын еншіледі.
Ән байқауында 15-18 жас аралығындағы жас өнерпаздар арасынан күміс жүлдеге қол жеткізген отандасымыз Айсезім Тілекқабыл– Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында тұрады, мектеп оқушысы.
Байқау туралы әңгімелеп берген Айсезімді ән өнеріне баулып жүрген жетекшісі Гүлназ Құсайнова:
– Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл – халықаралық бірінші байқауымыз. Соған қарамастан шәкіртімнің алдына Ұлыбритания мемлекетінен келген әнші түссе, үздік үштікті Словениядан келген қатысушы жеңіп алды, – деп қуанышымен бөлісті.
Байқауда Айсезім Латиф Хамидидің «Бұлбұлын» орындап, ерекше қошеметке бөленді. Әлемнің мықты деген музыка мамандары теректілік әншіге жоғары баға беріп, Айсезімді Италияда өтетін тағы бір халықаралық деңгейдегі байқауға шақырды. Сондай-ақ әлемдік 12 қатысушыға «Әлемдік деңгейдегі әнші» номинациясы берілді. Сонын ішінде біздің Айсезім де бар.